Апта дәйексөзі “Әділдік пен жауапкершілік бір тұтас ұғым!”
Жаңалықты сұрыптау керек: күні байынша | танымалдығы бойынша | кіргені бойынша | пікірі бойынша | Әліппе бойынша
Жаңалық қосты admin1, 29-11-2017, 22:07, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1177

 

          29.11.2017 жылы сағат 11.00-де Халықаралық жемқорлықпен күрес күнінің алдында колледжде бірегей сынып сағаты өткізілді.

Барлығы 184 оқушы қамтылды. Сынып сағаты бірінші ЭЭЖ 17-9-1, ЭЭЖ 16-9-1, ЭЭЖ 16-11-1 қазақ топтарында өткізілді. Барлығы 67 оқушы. Оқытушы С.Т. Барақбаев таныстыру, бейне роликтер, Павлодар қ. болған құқық бұзушылықтар жайлы көрсетті.

Екінші болып осындай сынып сағатын бөлім меңгерушісі Д.С. Жұмағалиева өткізді. 117 оқушы қамтылды. Ол сонымен қатар жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы айтып, жемқорлық туралы қолданыстағы заңдармен таныстырды, таныстырулар, бейне роликтер мен фильмдер көрсетті. Соңында оқытушылар оқушылармен әңгімелесіп, оқушыларды қызықтырған сұрақтарға тиісті жауаптарын берді. 

 

Жаңалық қосты admin1, 29-11-2017, 15:10, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1197

«Саламатты тұрғын үй» акциясы аясында 2017ж. 29 қарашада КМҚК «Павлодар машина жасау колледжінің» жатақханасында санитарлық және физикалық мәдениетті дамытып салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыру арқылы өз тұрғылықты жерін жақсарту, денсаулығына қажетті жауапкершілікті ақпараттандыру мақсатында оқушылармен флеш-моб өткізілді. 

 

Жаңалық қосты admin1, 16-11-2017, 10:32, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1241

2017ж. 16 қарашада КМҚК «Павлодар машина жасау колледжінің» студенті Арипов Жыргал Темекі шегуден бас тарту күні (19 қараша) және оған арналған онкүндікке орай «Салауатты өмір салтын қолдау орталығы» ЖШС-мен ұйымдастырылған «Дені сау жастар – дені сау болашақ» конференциясына қатысты. Арипов Жыргал – «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша екінші курста оқиды, оқу үздігі, колледждің қоғамдық өміріне белсенді қатысушы. Студенттің баяндама тақырыбы «Менің колледжім – денсаулық аумағы» әрі таныстыру слайдтары дайындалды. Студенттің баяндамасында дене, психикалық және адамгершілік саулық, басқаша айтқанда аурулар мен дене ақаулықтарының болмауы ғана емес, «денсаулық – бұл дене, рухани және әлеуметтік сәттілік» идеясы қамтылған. Әр құрылымға студент көбінесе өз тобынан, колледждің тәрбие жұмысынан, сонымен қатар өзініңбелсенділік өміршеңдік ұстанымынан мысалдар келтірді. Конференцияға қатысқаны үшін Арипов Жыргал үшінші орынға ие болды.

Жаңалық қосты admin1, 6-11-2017, 22:02, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1102

Өткізілетін орын: колледждің мәжіліс залы

Лектор: Әлімханов Олжас Сансызбайұлы – Павлодар қ. бойынша Жемқорлыққа қарсы комитеттің маманы

Қатысқандар:  Барлығы 72 оқушы: 21 адам - ТМ16-9-1т., 18 адам – ЭЭЖ 16-9-1т., 18 адам – ЛП16-9-1т., 15 адам – ТМ17-11-1т.

          О.С. Әлімханов әлемдік көлемдегі жемқорлық картасы туралы оқушыларға айтып, бірнеше елдердің жемқорлық деңгейі бойынша салыстырма жасады. Ол Қазақстанның 131 орында тұрғандығын айтты. 2016 жылы жемқорлыққа қарсы қызмет лауазымдық тұлғалардың қолдауында болған 8 ҰҚТ-ның қылмысы әшкереленіп, 90 адам жазаға тартылды. Сондықтан жемқорлықпен күресті күшейту үшін Қазақстанда Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі құрылды. Бұл арнайы бөлім жемқорлық құқық бұзушылықты жүйелі түрде ескерту және оның алдын алу үшін құрылған. ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсанда №1131 Қаулысында жемқорлық құқық бұзушылық оқиғалары туралы хабарлама үшін бір реттік ақшалай сыйлық қарастырылған. 

          Әрі қарай оқушыларға жемқорлық және іс-шаралар мен оларды ескерту туралы бейне фильм көрсетілді.

           Оқушыларға дәріс өте ұнады, өйткені ол мазмұнды әрі тиімді болды. 

 

Жаңалық қосты admin1, 4-10-2017, 08:55, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1246

04.10.2017 г. в рамках акции «Қасиетті жерлерге саяхат» группой ТОРА 16-9-1 был посещен палеонтологический природный памятник «Гусиный перелет», который расположен в черте города, на правом берегу Иртыша. Учащиеся ближе ознакомились с историческим местом Павлодарской области. Информация по посещению памятника были опубликованы в социальных сетях «Вконтакте», «Instagram» под хэштегами #руханижанғыру #руханижанғырупавлодар 

 

Жаңалық қосты admin1, 29-09-2017, 09:00, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1399

Жыл сайын қазан айының бірінші жексенбісінде біздің республикада «Ұстаздар күні» мерекесі аталып өтіледі.

Осы күні біздің қымбатты педагогтарға алғыстар айтылып, концерттер ұйымдастырылады. Бұл мерекелік іс-шара біздің назарымыздан да тыс қалған жоқ.

Таңертеңнен колледж студенттері педагогтарға құттықтау өлеңдерімен «тірі дәліз» ұйымдастырып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Мереке иелеріне ЛП 15-9-1 және ЭЭЖ 16-11-1 топтарының студенттері дайындаған мерекелік концерт ұсынылды. Колледж басшысы Қаирбаев Қайрат Айткенұлы құттықтау сөз сөйлеп, белсенді әрі дарынды педагогтарға грамоталар табыстады.

Концертте Серлан Әсет пен Өмірбек Толқынның орындауындағы керемет «Ұстазым», сонымен қатар Марат Мерхат, Серлан Әсеп пен Көкеш Әнеттің орындауындағы «Ана» әндері шырқалды. Концерттің барысында біз жас ұстаздармен жақынырақ танысып, оларға әзіл емтихан ұйымдастырылды. Сонымен қатар студенттер оқытушыларды өздерінің «Емтихан» сахналық көрінісімен тәнті етті. Іс-шара соңында «Ұстазым» атты жақсы әні шырқалды.

 

 

Жаңалық қосты admin1, 21-09-2017, 11:47, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1503

21.09.2017 жылы колледжде Еңбек күніне арналған мереке аясында әлеуметтік серіктестіктермен кездесу өткізілді. 3-4 курс оқушыларына «KSPStill» ЖШС ПФ өкілдерімен «Дөңгелек үстел» ұйымдастырылды. Іс-шараға кадрлық қамтамасыз ету қызметінің басшысы – С.В. Кайдаш, №2 Электроболатбалқыту цехінің өндірісін дайындау басқармасының басшысы – А.М. Жүнісов, Құбырпрокаты өндірісінің технологиялық бөлімінің инженер-технологы – Д.С. Ахметов, оқу орталығының жетекшісі – Н.Ф. Загрутдинова, сонымен қатар колледж әкімшілігінің өкілдері мен арнайы пәндер оқытушылары қатыстыв колледже, в рамках праздника, посвященного Дню труда прошла встреча с  социальными партнерами. «Дөңгелек үстел» қонақтары оқушыларға өздерінің кәсіпорындары мен өз өндірістерінің ерекшеліктері туралы айтып, бейнероликтер көрсетті, оқушыларды әрі қарай жұмысқа орналастырумен іс-тәжірибеден өтуге зауытқа шақырды. Балалар қызығушылық танытып, көптеген сұрақтар қойды. 

 

Жаңалық қосты admin1, 20-09-2017, 11:48, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1392

20.09.2017 жылы колледжде  тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесу өткізілді. 1-ші курс оқушыларымен әңгімелесу үшін учаскелік полиция инспекторы Ж.В. Баженов пен ДУИС пробациялық қызмет бөлімінің басшысы Г.Б. Тусекешова шақырылды. Олар құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша сөз сөйледі. оқушыларды жасөспірімдер арасындағы құқық бқзушылықтар туралы ҚР заңдарының баптарымен таныстырды әрі пайдалы ақпараттар берді

 

 

Жаңалық қосты admin1, 14-09-2017, 10:18, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1487

14.09.2017 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында колледжде тоғыз құмалақ ойыны бойынша флешмоб өткізілді. Ойынға 16 адам қатысты. Оған жауапты дене тәрбиесінің оқытушысы А.Ғ. Кожиков болды.

Жаңалық қосты admin1, 15-05-2017, 11:35, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1521

 

       Артериялық гипертония қоғамдық денсаулық сақтау саласының ғаламдық мәселесі болып табылып, жүрек ауруы, инсульт пен бүйрек жеткіліксіздігіне себепші болады, сондай-ақ мезгілсіз өлім-жітім мен мүгедектікке алыпкеледі. Гипертонияны ерте анықтау, сәйкес ем қабылдау мен тиісті бақылау денсаулықты жақсартуды қамтамасыз етеді және экономика жағынанда пайдалы, себебі гипертонияның асқынуын емдеу қымбат араласуларды іске асырумен ұштасады. Гипертонияның алдын алуға келесі мінез-құлықтық қауіпті факторларды бақылау мүмкіндік береді, оған: тұзды және майлы тағам қабылдау, ас үлесінде жеткілікті мөлшерде жемістер мен көкөністердің болмауы; шылымқорлық; ішімдікті шамадан тыс тұтыну; дене белсенділігінің жеткіліксіздігі; жүрек-қантамыр аурулары, қант диабеті, созылмалы респираторлық аурулар және онкологиялық аурулар секілді қауіпті жұқпалы емес ауруларды дамытатын маңызды мінез-құлықтық қауіпті факторлар болып табылатын күйзелісті бақылаудың жеткіліксіздігі. Егер тиісті шараларды қабылдамаса, ДДҰ-ның саапшыларының болжамы бойынша жүрек-қантамыр ауруларынан болатын өлім-жітім деректері одан әрі өсе беретін болады.

     Артериялық қан қысымының деңгейі кез келген жаста сынап бағанасынан 140/90 мм аспауы тиіс (АҚҚ — с.б. 120/80 мм— кез келген жасқа қолайлы). АҚҚ үнемі с.б. 150 мм жоғары болған жағдайда қалыпты артериялық қан қысымына қарағанда инсульт 3 есе көп, ал  инфаркт –2,5 есе жиі кездеседі, артериялық қан қысымын өлшеу нәтижелерін Өзін-өзі бақылау күнделігіне жазып отыру қажет.