Апта дәйексөзі “Әділдік пен жауапкершілік бір тұтас ұғым!”
Іс-шаралар, Ата аналарга акпарат Артериялық гипертонияның алдын алу.
Жаңалық қосты admin1, 15-05-2017, 11:35, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1364

 

       Артериялық гипертония қоғамдық денсаулық сақтау саласының ғаламдық мәселесі болып табылып, жүрек ауруы, инсульт пен бүйрек жеткіліксіздігіне себепші болады, сондай-ақ мезгілсіз өлім-жітім мен мүгедектікке алыпкеледі. Гипертонияны ерте анықтау, сәйкес ем қабылдау мен тиісті бақылау денсаулықты жақсартуды қамтамасыз етеді және экономика жағынанда пайдалы, себебі гипертонияның асқынуын емдеу қымбат араласуларды іске асырумен ұштасады. Гипертонияның алдын алуға келесі мінез-құлықтық қауіпті факторларды бақылау мүмкіндік береді, оған: тұзды және майлы тағам қабылдау, ас үлесінде жеткілікті мөлшерде жемістер мен көкөністердің болмауы; шылымқорлық; ішімдікті шамадан тыс тұтыну; дене белсенділігінің жеткіліксіздігі; жүрек-қантамыр аурулары, қант диабеті, созылмалы респираторлық аурулар және онкологиялық аурулар секілді қауіпті жұқпалы емес ауруларды дамытатын маңызды мінез-құлықтық қауіпті факторлар болып табылатын күйзелісті бақылаудың жеткіліксіздігі. Егер тиісті шараларды қабылдамаса, ДДҰ-ның саапшыларының болжамы бойынша жүрек-қантамыр ауруларынан болатын өлім-жітім деректері одан әрі өсе беретін болады.

     Артериялық қан қысымының деңгейі кез келген жаста сынап бағанасынан 140/90 мм аспауы тиіс (АҚҚ — с.б. 120/80 мм— кез келген жасқа қолайлы). АҚҚ үнемі с.б. 150 мм жоғары болған жағдайда қалыпты артериялық қан қысымына қарағанда инсульт 3 есе көп, ал  инфаркт –2,5 есе жиі кездеседі, артериялық қан қысымын өлшеу нәтижелерін Өзін-өзі бақылау күнделігіне жазып отыру қажет.

dle
Другие новости по теме:
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии к новости: Артериялық гипертонияның алдын алу.