|
| | РУС |
|
07.02.2022 жылы колледж қызметкерлерімен және білім алушылармен алгоритмге сәйкес "Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауы және терроризм актісінің жасалу қаупі" тақырыбында ақпараттық-түсіндіру сағаттары өткізілді.
Жасөспірімдерде виртуалды ортада қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру мақсатында 2022 жылғы 3 ақпанда 1 курс студенттері арасында «Шындық пен виртуалдылық арасындағы сызық қайда» тақырыбында пікірталас өткізілді, оған 25 студент қатысты.
Павлодар машина жасау колледжінде "Сенің сайлау құқығың" тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сайлау құқығының принциптері, сайлау жүйесінің мәні, сайлаудың маңызы талқыланды. Іс-шараны өткізу құқықтық мәдениетті, оқушылардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға және дамытуға ықпал етті.
31.01.2022 – 1.02.2022ж.ж. аралығында онлайн режимде "Автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету" пәні бойынша 1201000 "Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану" мамандығы, "техник-механик" біліктілігі, ТОРА 19-9-1 3-курс тобы бойынша студенттерде курстық жобалар қорғалды. Қорғау қорытындысы бойынша 10 студент "өте жақсы", 8 студент "жақсы" және 5 адам "қанағаттанарлық" деген бағаларға ие болды. Комиссия құрамында күндізгі бөлім меңгерушісі Д.С. Жұмағалиева, арнайы пәндер оқытушылары Д.С. Айтеева мен А. И. Гришина болды, олар Баринов Данил - "ВАЗ 2121 Нива автокөлігінің шанағына техникалық қызмет көрсету", Ердан Борамбаев – "ВАЗ 2106 жүріс бөлігіне техникалық қызмет көрсету", Әділ Ханенко – "BMV X5 автомобилінің ілінісу механизміне техникалық қызмет көрсету" тақырыбындағы жобаларды қорғаған студенттерді атап өтті. Студенттер: В. Абеков, Д. Баринов, Е. Борамбаев, Е. Мусралинов, И. Негматолла, Д. Новой, Е. Середа, А. Ханенко Үздік білім көрсетті. Жалпы, курстық жобалардың тақырыптары өзекті, ал студенттер курстық жобаларды дайындауға жауапкершілікпен қарады, бұл жұмыс сапасы мен үлгеріміне оң әсер етті. Балалар, сіздерге алдағы емтихан сессиясын және практиканы тапсыруда табыс тілейміз!
Хабарландыру! «Павлодар машина жасау колледжі» ШЖҚ КМК Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен бекітілген Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидаларының 5-тармағын орындау үшін колледждің Қамқоршылық кеңесінің жаңа құрамын қалыптастырады. Ниет білдірушілер жазбаша келісім ұсына отырып, өз кандидатурасын колледждің Қамқоршылық кеңесінің құрамына ұсына алады. Жоғарыда баяндалғанның негізінде колледждің Қамқоршылық кеңесінің құрамына кіргісі келетіндер төменде келтірілген байланыс деректері бойынша хабарласуы қажет. Ұсыныстарды қабылдау мерзімі 1.02.2022ж. бастап 15.02.2022ж. дейін. Павлодар қ., Мир к-сі, 43А құрылыс E-mail: pmk-kolledg.kz@mail.ru Телефондар: 8 (7182) 55-45-72, 8 (7182) 55-46-90 Сайт: pmk-kolledg.edu.kz Instagram: pmk.pvl
|