"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 2-02-2022, 09:00, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 268

31.01.2022 – 1.02.2022ж.ж. аралығында онлайн режимде "Автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету" пәні бойынша 1201000 "Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану" мамандығы, "техник-механик" біліктілігі, ТОРА 19-9-1 3-курс тобы бойынша студенттерде курстық жобалар қорғалды.

Қорғау қорытындысы бойынша 10 студент "өте жақсы", 8 студент "жақсы" және 5 адам "қанағаттанарлық" деген бағаларға ие болды. Комиссия құрамында күндізгі бөлім меңгерушісі Д.С. Жұмағалиева, арнайы пәндер оқытушылары Д.С. Айтеева мен А. И. Гришина болды, олар Баринов Данил - "ВАЗ 2121 Нива автокөлігінің шанағына техникалық қызмет көрсету", Ердан Борамбаев – "ВАЗ 2106 жүріс бөлігіне техникалық қызмет көрсету", Әділ Ханенко – "BMV X5 автомобилінің ілінісу механизміне техникалық қызмет көрсету" тақырыбындағы жобаларды қорғаған студенттерді атап өтті.

Студенттер: В. Абеков, Д. Баринов, Е. Борамбаев, Е. Мусралинов, И. Негматолла, Д. Новой, Е. Середа, А. Ханенко Үздік білім көрсетті.

 Жалпы, курстық жобалардың тақырыптары өзекті, ал студенттер курстық жобаларды дайындауға жауапкершілікпен қарады, бұл жұмыс сапасы мен үлгеріміне оң әсер етті.

Балалар, сіздерге алдағы емтихан сессиясын және практиканы тапсыруда табыс тілейміз!

Курс жобаларының нәтижелері