"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 10-11-2021, 11:30, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 224

     "Ашық жүрек" еріктілер клубының қатысушылары "ТҚАБ бар балаларды оңалтудың арнаулы әлеуметтік қызметтерін көрсету орталығы" КММ-не көмек көрсетті.
    Оңалту орталығында ерікті студенттер жазғы корпустан қысқы корпусқа көшуге көмектесті, үй-жайларды тазалау және аумақта сенбілік жұмыстарын жүргізді.
     Естеріңізге сала кетейік, біздің колледжде "Ашық жүрек" еріктілер клубы 2018 жылы ашылды. Клубта бізде өте белсенді студенттер бар. Клуб құрылғаннан бері еріктілер көптеген пайдалы және игі істер жасап үлгерді және жастарды мұқтаж жандарға барынша көмек көрсетуге шақырады.  https://www.youtube.com/watch?v=GrMLArnBQdQ