"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
---
Жаңалық қосты admin1, 9-11-2021, 15:00, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 226

Мен ӨМІРДІ таңдаймын.

 

 9 қараша 2021 жылы Павлодар машина жасау колледжінің "Ашық жүрек" еріктілер клубы "Есірткіге жол жоқ!", "Жас Отан" партиясының қалалық комитеті мен есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы ұйымдастырған пилоттық акциясына қолдау көрсетті.

 Акцияны өткізудің мақсаты есірткі заттарының таралуы мен пайдаланылуының алдын алу және жастар арасында нашақорлық проблемасына жұртшылықтың назарын аудару болып табылады. Әр түрлі есірткі құралдарын жарнамалау және сатумен айналысатын интернет сілтемелері мен сайт мекен-жайлары бар граффити жазуларын анықтау және жою (бояу арқылы) бойынша бірлескен рейд жүргізілді. Колледж студенттері жастарды есірткіні қолданудан және қылмыстық әрекеттерге қатысудан бас тартуға, еліміздің болашағы үшін спортпен және оқумен айналысуға шақырады.

 

 

Мен өмірді таңдаймын.