"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 10-04-2021, 14:19, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 288
Жаңалық қосты admin1, 10-04-2021, 13:30, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 322

«Жасөспірімнің психикалық денсаулығы: агрессияны тоқтатыңыз»

тақырыбына арналған семинар

 

   2021 жылдың 9 сәуірінде Павлодар машина жасау колледжінің 1 курс білім алушыларын психологиялық ағарту және психикалық денсаулық проблемаларының алдын алу мақсатында ШЖҚ КМК ПОПДО балалар, жасөспірімдер және олардың отбасыларының психикалық денсаулық орталығының сенім телефонымен медициналық-психологиялық қызметтің психологы С.Г. Шиман «Тоқта агрессия» тақырыбына семинар өткізді.

Осы тақырып аясында: психикалық денсаулықты нығайту, жағымсыз эмоциялар басым болса, өз сезімдеріңізді қалай түсінуге болады, соның ішінде – 88000803434 сенім телефонының жұмысы туралы, егер кенеттен сіздің досыңыздың немесе жақын адамыңыздың мінез-құлық және эмоционалдық саласында өзгерістер табылса, кімнен және қайдан көмек сұрауға болады деген сұрақтар қарастырылды.

              

 Педагог-психолог:   Сарсекеева Ш.К.

http://pmk-kolledg.edu.kz/rus/uploads/100421-1.jpg