Апта дәйексөзі “Әділдік пен жауапкершілік бір тұтас ұғым!”
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 25-12-2020, 14:00, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 524

Павлодар машина жасау колледжінің

1-2 курс студенттері арасында

«Кибербуллинг туралы сөйлесейік» тақырыбында

Вебинар

 2020 жылдың 24 желтоқсанында 1-2 курс студенттері арасында «Кибербуллинг туралы сөйлесейік» тақырыбында ондайн-вебинар өткізілді, оған 30 адам онлайн – қатысты.

Теріс, қауіпті, қорлайтын сөздер мен кескіндердің таралуын болдырмау мақсатында виртуалды кеңістіктегі қарым-қатынас ережелерін талқылау, интернеттегі бұзақылық әрекеттермен байланысты мәселелерді анықтау және олардың алдын-алу шараларын анықтау болды.

1-2 курс студенттерімен басқа адамға бағытталған жүйелі түрде жіберілетін қорлау сипатындағы хабарламалар; құпия ақпаратты ашу; адамның беделіне нұқсан келтіретін онлайн - жарияланымдарды тарату; басқа пайдаланушыға бағытталған қауіп - қатерлермен және қорлаулармен қоса хабарламалармен кибершабуылдау; троллинг әлеуметтік арандату немесе желілік қарым-қатынаста қорлау нысаны ретінде және т.б. кіретін интернет-қудалау түрлері егжей-тегжейлі талданды.

Осы тақырып аясында желідегі қудалауды шешудің жолдары ұсынылды, онда «Кибербуллинг дегеніміз не?», «Кибербуллингтің салдары қандай?», «Интернеттегі қорлауды қалай болдырмауға болады?», егер сіз кенеттен досыңыздың немесе сізге жақын адамның мінез-құлық және эмоционалды саласында өзгерістер тапсаңыз, кімге және қайда жүгінуге болады. және т. б.

Балалар мәселені талқылауға белсенді қатысып, өз тәжірибелерінен осындай жағдайлардың мысалдарымен бөлісті. Нәтижесінде кибербуллингтен қалай қорғануға болады деген пікірталас өз шешіміне келді.

           

 Педагог-психолог:   Сарсекеева Ш.К.