"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 14-12-2020, 16:00, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 431

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай ШЖҚ КМК «Павлодар машина жасау колледжіндегі» ЭЭЖ 20-9-1 тобында білім алатын студенттер онлайн форматындағы іс-шараға белсенді қатысты. Топ студенттері: Мажитов Жандос Тәуелсіздік күніне арналған сурет салды, Акинов Бекзат таныстыру дайындады ал Бағдат Наурызбек бейнефильм дайындап, «Тәуелсіз елім» атты өзінің шығарған өлеңін оқыды әрі құттықтау жолдады. Шараға қатысқан барша студенттерге шығармашылық табыстар тілейміз!

Жаңалық қосты admin1, 14-12-2020, 00:30, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 313
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай колледжде патриоттық акция 
өткізілді. Іс-шараға колледж студенттері қатысты, олар патриоттық плакаттар салды.