"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 19-12-2020, 13:30, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 863

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында Машина жасау колледжінде ұлттық асық ойыны - "Бес тас" бойынша онлайн – жарыс өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – ұлттық спорт түрлерін насихаттау; ұлдар мен қыздарды ата-бабаларымыздың мәдени мұрасына тарту; ептілік, көз өлшеу, қимылдарды үйлестіру сияқты негізгі физикалық қасиеттерді дамыту. Жарысқа 12 адам қатысты. Барлық балалар асық ойнау дағдыларын игерді. Үздіктер грамоталармен марапатталды.

Жаңалық қосты admin1, 19-12-2020, 13:18, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 352

ҚР Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында 7-11 желтоқсанда колледждер арасында әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша "Қыран-2020" жарысы онлайн форматта өтті. Біздің колледжден Кириленко Богдан, Волокитин Даниил, Трегубова Екатерина қатысты. Балалар АК-74 жинау және бөлшектеу, белтемірге тартылу, арқаға жатып денені көтеру шеберліктерін көрсетті.

 

Жаңалық қосты admin1, 19-12-2020, 12:31, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 321

ҚР Тәуелсіздік күніне орай 1 және 2 курс студенттері "Лидер.kz" Халықаралық зияткерлік-білім беру орталығы ұйымдастырған қашықтықтан пәндік олимпиадаға қатысты.  33 белсенді балалар орыс тілі, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы, география, физика, биология, математика, химия пәндері бойынша өз білімдерін тексерді. Жеңімпаздар: Жанбекова Әмина, Сансызбаев Аян, Бландинский Николай, Ахметов Әлішер, Иманғалиев Қайрат, Сәрсенова Аружан, Бақытбек Нұрейса, Сатыбалдинова Аяжан, Сартаков Владислав, Шевченко Кирилл, Ғалымжанов Медет, Акинов Бекзат, Чинарвекұлы Бақытбол, Қабыкенов Дархан, Аманжол Рақат, Құлқымбаев Темірлан, Тлеулесов Рустам, Винюкова Эвелина, Ниязбеков Камиль, Буц Данил, Боранбаев Ердан, Боровской Артем.

Барлық жеңімпаздар мен оқытушыларды ҚР Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс тілейміз!