|
| | РУС |
|
"Таза сессия", "Чистая сессия" акциясы 2020-2021 2020-2021 оқу жылының қысқы емтихан сессиясы кезеңінде сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және ескерту мақсатында қоғамдық пәндер оқытушысы Д.С. Жұмағалиева, басшының парасаттылық мәселелері жөніндегі кеңесшісі А. Жанбекова және "Саналы ұрпақ" клубының белсенділері Павлодар машина жасау колледжінде "Таза сессия" акциясын ұйымдастырды. Құрметті студенттер мен оқытушылар! Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы келесі телефондар арқылы хабарлай аласыздар: 87182554498, 87479648817, pmk_kolledg@mail.ru
Павлодар машина жасау колледжінің 1-2 курс студенттері арасында «Кибербуллинг туралы сөйлесейік» тақырыбында Вебинар
2020 жылдың 24 желтоқсанында 1-2 курс студенттері арасында «Кибербуллинг туралы сөйлесейік» тақырыбында ондайн-вебинар өткізілді, оған 30 адам онлайн – қатысты. Теріс, қауіпті, қорлайтын сөздер мен кескіндердің таралуын болдырмау мақсатында виртуалды кеңістіктегі қарым-қатынас ережелерін талқылау, интернеттегі бұзақылық әрекеттермен байланысты мәселелерді анықтау және олардың алдын-алу шараларын анықтау болды. 1-2 курс студенттерімен басқа адамға бағытталған жүйелі түрде жіберілетін қорлау сипатындағы хабарламалар; құпия ақпаратты ашу; адамның беделіне нұқсан келтіретін онлайн - жарияланымдарды тарату; басқа пайдаланушыға бағытталған қауіп - қатерлермен және қорлаулармен қоса хабарламалармен кибершабуылдау; троллинг әлеуметтік арандату немесе желілік қарым-қатынаста қорлау нысаны ретінде және т.б. кіретін интернет-қудалау түрлері егжей-тегжейлі талданды. Осы тақырып аясында желідегі қудалауды шешудің жолдары ұсынылды, онда «Кибербуллинг дегеніміз не?», «Кибербуллингтің салдары қандай?», «Интернеттегі қорлауды қалай болдырмауға болады?», егер сіз кенеттен досыңыздың немесе сізге жақын адамның мінез-құлық және эмоционалды саласында өзгерістер тапсаңыз, кімге және қайда жүгінуге болады. және т. б. Балалар мәселені талқылауға белсенді қатысып, өз тәжірибелерінен осындай жағдайлардың мысалдарымен бөлісті. Нәтижесінде кибербуллингтен қалай қорғануға болады деген пікірталас өз шешіміне келді.
Педагог-психолог: Сарсекеева Ш.К.
"Адалдық алаңы" жобасын іске асыру шеңберінде Павлодар машина жасау колледжінде "Саналы ұрпақ" клубының студенттері қатарынан парасаттылық мәселелері бойынша колледж басшысының кеңесшісі - "Машина жасау технологиясы"мамандығы бойынша 1 курс студенті Жанбекова Амина тағайындалды.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында Машина жасау колледжінде ұлттық асық ойыны - "Бес тас" бойынша онлайн – жарыс өткізілді.
ҚР Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында 7-11 желтоқсанда колледждер арасында әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша "Қыран-2020" жарысы онлайн форматта өтті. Біздің колледжден Кириленко Богдан, Волокитин Даниил, Трегубова Екатерина қатысты. Балалар АК-74 жинау және бөлшектеу, белтемірге тартылу, арқаға жатып денені көтеру шеберліктерін көрсетті.
ҚР Тәуелсіздік күніне орай 1 және 2 курс студенттері "Лидер.kz" Халықаралық зияткерлік-білім беру орталығы ұйымдастырған қашықтықтан пәндік олимпиадаға қатысты. 33 белсенді балалар орыс тілі, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы, география, физика, биология, математика, химия пәндері бойынша өз білімдерін тексерді. Жеңімпаздар: Жанбекова Әмина, Сансызбаев Аян, Бландинский Николай, Ахметов Әлішер, Иманғалиев Қайрат, Сәрсенова Аружан, Бақытбек Нұрейса, Сатыбалдинова Аяжан, Сартаков Владислав, Шевченко Кирилл, Ғалымжанов Медет, Акинов Бекзат, Чинарвекұлы Бақытбол, Қабыкенов Дархан, Аманжол Рақат, Құлқымбаев Темірлан, Тлеулесов Рустам, Винюкова Эвелина, Ниязбеков Камиль, Буц Данил, Боранбаев Ердан, Боровской Артем. Барлық жеңімпаздар мен оқытушыларды ҚР Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс тілейміз!
Құрметті Қазақстан халқы! Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Бұл мереке біздің мемлекетіміздің бостандығы мен қуатының символы болып саналады. Тәуелсіздік алғаннан бері біздің халқымыз Қазақстанның ұлы тарихын жаңа жетістіктермен және табысты қайта құрулармен тамаша жалғастырды, тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан бүкіл әлемге танылды және үлкен прогреске жетті. Осы айтулы күні сіздерге зор денсаулық, бақ-береке және тұрақтылық тілейміз! Сіздің үйіңізде әрқашан бейбітшілік, келісім және өзара түсіністік салтанат құрсын. Тәуелсіздік күнімен!
|