"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 15-05-2017, 17:09, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1129

 

15 мамырда Халықаралық отбасы күні аясында Машина жасау колледжінде отбасылық салтты қайта жаңғырту, рухани құндылықтарды нығайту арқылы отбасындағы баланың жеке тұлғааралық өсуі мен дамуын қалыптастыр мақсатында туған адамдарға бір уақытта қоңырау шалу акциясы өткізілді.

Жаңалық қосты admin1, 15-05-2017, 11:35, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1272

 

       Артериялық гипертония қоғамдық денсаулық сақтау саласының ғаламдық мәселесі болып табылып, жүрек ауруы, инсульт пен бүйрек жеткіліксіздігіне себепші болады, сондай-ақ мезгілсіз өлім-жітім мен мүгедектікке алыпкеледі. Гипертонияны ерте анықтау, сәйкес ем қабылдау мен тиісті бақылау денсаулықты жақсартуды қамтамасыз етеді және экономика жағынанда пайдалы, себебі гипертонияның асқынуын емдеу қымбат араласуларды іске асырумен ұштасады. Гипертонияның алдын алуға келесі мінез-құлықтық қауіпті факторларды бақылау мүмкіндік береді, оған: тұзды және майлы тағам қабылдау, ас үлесінде жеткілікті мөлшерде жемістер мен көкөністердің болмауы; шылымқорлық; ішімдікті шамадан тыс тұтыну; дене белсенділігінің жеткіліксіздігі; жүрек-қантамыр аурулары, қант диабеті, созылмалы респираторлық аурулар және онкологиялық аурулар секілді қауіпті жұқпалы емес ауруларды дамытатын маңызды мінез-құлықтық қауіпті факторлар болып табылатын күйзелісті бақылаудың жеткіліксіздігі. Егер тиісті шараларды қабылдамаса, ДДҰ-ның саапшыларының болжамы бойынша жүрек-қантамыр ауруларынан болатын өлім-жітім деректері одан әрі өсе беретін болады.

     Артериялық қан қысымының деңгейі кез келген жаста сынап бағанасынан 140/90 мм аспауы тиіс (АҚҚ — с.б. 120/80 мм— кез келген жасқа қолайлы). АҚҚ үнемі с.б. 150 мм жоғары болған жағдайда қалыпты артериялық қан қысымына қарағанда инсульт 3 есе көп, ал  инфаркт –2,5 есе жиі кездеседі, артериялық қан қысымын өлшеу нәтижелерін Өзін-өзі бақылау күнделігіне жазып отыру қажет.