"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 10-05-2017, 14:07, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1218

2017 жылдың 2-9 мамыр аралығында Жеңіс күніне арналған қызықты іс-шаралар өткізілді. Бұл іс-шаралар жеңіске жеткен өз халқына деген мақтанышқа, ерлік пен жауапкершілікке тәрбиелеуге, қазақстандық ұлтжандылық сезімін қалыптастыруға бағытталған.

3.05.2017ж. ТМ-16-9-1 тобының сынып жетекшісі «Борыш» - «Соғыс ардагерлерінің барлығы біздің есімізде» тақырыбындағы сынып сағатында таныстыру өткізді. Ашық сынып сағатында ҰОС туралы студенттер дайындаған слайдттар пайдаланылды. 5.05.2017ж. колледждің белсенділері тыл, еңбек ардагері А.П. Зогайчукқа барды. Ол соғыс жылдары қалай жұмыс істегендігін, тың игеруге қалай қатысқандығын, бірнеше наградалары бар екендігін айтып өтті. Кездесу соңында сыйлықтар табысталып естелікке суретке түстік.

2017 жылы 6 мамырда мәжіліс залында Жеңіс күні мен Қазақстан Қарулы күштері күніне арналған мерекелік концерттік бағдарламаны өткіздік.

9 мамырда ұлдар алаңда өткізілген шараға қатысты.