"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 9-02-2017, 12:34, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1018

2016 жылы 9 ақпанда «Самал» сауықтыру үйінде «Қамқорлық» акциясы өткізілді. Студенттер мен педагогтардың күшімен ақшалай қаражат жиналды және оған мүгедек балаларға дамытушылық ойындары, кітаптар мен тәтті тосын сыйлар алынды. 12 ақпанда «Қайырымды іс марафоны» акциясы болып өтті. Студенттік кеңестің студенттері колледждегі жастар комитетінің жетекшісі, ЭЭЖ 12-9-1 тобының студенті Н. Қапашевтың басшылығымен Зырянская 56 мекен-жайында орналасқан үйге барды. Ол үйде Ұлы Отан соғысының ардагері К.Т. Жақыпов тұрады. Студенттер ардагерге үйдің ауласындағы қарды жинуға көмектесті.