"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 7-02-2017, 12:45, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1008

Тұлғаның құқықтық және мәдени; жастардың құқықтық сана-сезімдерін және олардың балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен күштеудің пайда болуына қарсы тұру дайындығын қалыптастыру мақсатында 2017 жылы 7 ақпанда полиция майоры, байқау қызметінің аға инспекторы Г.Б. Тускешованың, «Болашақ» жастар орталығының психологы Б.М. Жұматаеваның қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Ол жастардың есірткіні, ішімдікті және темекіні пайдаланудағы жеңілтек қарым-қатынастары қандай қиын жағдайларға әкеліп соғатындығын түсіндірді. Колледж оқушылары талқылауға белсенді қатысып, өздерін қызықтырған мәселелер бойынша сұрақтарын қойды.

Жаңалық қосты admin1, 7-02-2017, 12:27, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1087

2017 жылы 7 ақпанда психология апталығының аясында Павлодар машина жасау колледжінде «Қайырымды істер марафоны» акциясы өткізілді.Студенттік кеңестің белсенділері психологпен және әлеуметтік педагогпен педагогикалық еңбек ардагері Пукс Нина Александровнаның пәтеріне барды. Балалар ардагердің үйіне басты жинау жұмыстарын жүргізіп, ыдыс-аяқтарын жуды, сонымен қатар зейнеткер өз естеліктері туралы сөз қозғады.