|
| | РУС |
|
Колледжге бейімделу үрдісі жеңіл болу үшін ұлыңыздың немесе қызыңыздың төмендегі ережелерін қадағалаңыз: Күн тәртібін сақтаңыз: сағ. 23-00-ге дейін ұйықтауға жатуы керек, себебі 8 сағаттық ұйқы қажет; Уақытты аз жұмсап, өзінің тұрмыстық жағдайын дұрыс ұйымдастырсын; Таза ауада күніне 2 сағат болуы керек. Бұл көңіл-күйді жақсартады; Күнде денешықынтырумен айналыссын; Өзінің денсаулығын нығайтып, жеке тазалықты сақтасын; Көбірек оқып, өздігінен жұмыс істесін; Үнемі оқытушылармен, сынып жетекшілермен байланыста болыңыз. Жанжал туындаған жағдайда баладан ажырап қалмаңыз, бірінші достасыңыз, содан соң өз істеріңізбен айналысыңыз. - Баланың үйге үйір болуына жағдай жасаңыз; үйге келе жатқанда «Бәрінен де біздің үйде жақсы!» деген сөзді айтуды ұмытпаңыз. - «Сен жақсысың, бірақ өзгелерден артық емессің» деген бұрыннан белгілі психологиялық формуланы балаңыздың бойына сіңдіріңіз. - Ұлыңызбен немесе қызыңызбен жанжалдасқан кезде ашуға беріле берілмеңіз, өйткені олар да өзінің дұрыс еместігін үнемі сезінбеуі керек. Сіз бұл іс-әрекетіңізбен балаларыңыздың қателіктері мен жеңілістерін мойындауларына үйретесіз. - Балаларыңызды «Бүгін не қызықты болды?», «Немен айналыстыңдар?», «Колледжде қалай?» деген сұрақтармен қарсы алыңыз. - Балаңыздың өмірінде болып жатқан жаңалықтарды шыдамдылықпен және қызығушылықпен тыңдаңыз. - Балаңыздың табысына қуаныңыз. Оның уақытша сәтсіз кезеңдеріне ашуланбаңыз. |