Апта дәйексөзі “Әділдік пен жауапкершілік бір тұтас ұғым!”
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 20-10-2016, 09:28, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1851

2016 жылы 20 қазанда колледждің барлық 4 курсында ЭКСПО – 2017 арналған «Жасыл экономика – болашақтың экономикасы» тақырыбында сынып сағаттары түрінде бірегей сабақ өткізілді, онда дәрістер оқылып, бейнефильмдер көрсетілді, пікірталастар болды

 

Жаңалық қосты admin1, 20-10-2016, 08:52, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1360

20.10.2016 жылы Павлодар машина жасау колледжінде еңбек және соғыс ардагері, прокуратураның құрметті қызметкері генерал – майор Д.Нт Фалеевтің қатысуымен дөңгелек үстел өткіздік. Бұл іс-шара «Нұр Отан» партиясының жанындағы «Жас Отан» ЖҚ жетекшісі Сәркенов Оразалы мен «Жас Отан» ЖҚ белсенділерінің бастамасымен болды.

Кездесудің тақырыбы: «Жастар арасындағы жемқорлық пен құқық бұзушылықтың алдын алу».

Өз баяндамасында О. Сәрсенов құқық қорғау органдарының статистикалық мәліметтері кәмелеттік жасқа толмаған адамдардың жасаған қылмыстар санына назар аударуға мүмкіндік береді, қазіргі уақытта бұл жағдай жоғарғы деңгейде. Жастар арасындағы қылмыс жасау мәселесі мемлекеттің назарынан тыс қалмады. Сондықтан қазірден бастап, жас ұрпақтың қылмыс әлеміне кетіп қалу қаупінің алдын алып, барлық тиімді әдістер арқылы оларды қауіпсіздендіру қажет. Іс-шара барысында проблемалық мәселелерге және оның шешу жолдарына тоқталды. Құрметті қонақ Генерал-Майор Фалеев Дмитрий Никитович, соғыс кезінде басынан өткізген қиыншылықтарды, жолдастарының әскери ерліктерін, өз отанына деген адалдығын және прокурорлық лауазымындағы жұмыстары туралы айтып өтті. Бүгінгі таңда ол Павлодар қ. Ұлттық гвардияның 5512 әскери бөліміндегі Әскери даңқ мұражайының құрметті мүшесі. Тоқсаныншы жылдардың ауыр кезеңдерінде әскери бөлім қаржылай қиындықтарға тап болған, соғыс ардагері, зейнеткер жаста заңнамалық қолдау көрсеткен. Сөз соңында соғыс ардагері жас ұрпақтың заңдарды сақтап, өз отанын шексіз сүюді және жастардың салауатты өмір салтымен өмір сүру керектігін айтты.