"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 26-09-2016, 12:05, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1275

2016 жылдың 19 – 27 қыркүйек аралығында Бейбітшілік күніне арналған онкүндік өткізілді, іс-шара барысында колледж оқушылары белсенділік танытып: газеттер шығарды, «Біз бейбітшілікті қалаймыз» тақырыбында шығарма жазып, бейбітшілік қорына ақша жинады, «Невада-Семей» антиядролық қозғалысы тақырыбында бейбітшілік сабағы өткізілді, таныстырулар дайындалып, сынып сағаттары өткізілді. Онкүндікті линейкамен аяқтап, онда іс-шараға үздік қатысқан қатысушыларды грамотамен марапаттадық.

 

Жаңалық қосты admin1, 26-09-2016, 11:38, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1049

22 және 24 қыркүйек аралығында Жастар бастамасын дамыту орталығымен танысу, оқушыларды әр түрлі клубтарға, жобаларға, бағдарламаларға тарту мақсатында оқуға жаңадан қабылданған 1 курс оқушыларына экскурсия ұйымдастырылды. Оқушылар жас отбасына «Тұрғын үйді жалға беру» мемлекеттік бағдарламасымен танысты. Сонымен қатар олар ЖҚКО-ның жұмысқа орналастыру, кәсіпкерлік қызметке тарту, тегін психологиялық, заңнамалық көмек алу мәселелері бойынша көмек көрсететіндігін білді.

Кейбір оқушылар клубтарға қызығушылық танытып, жазылуға өтініш білдіріп жатты.