"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 2-09-2016, 11:01, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1211

1 қыркүйек – білім және бірінші қоңырау күні. Бұл күн біздің машина жасау колледжінің табалдырығын бірінші рет аттағалы отырған оқушылардың көптен күткен күні. Осы күні мәжіліс залы мен аудиториялар жанданып, бірінші курс оқушылары мен олардың ата-аналары бірінші қоңырауды – Білім сабағын тағатсыздана күтті. Білім сабағы мәжіліс залында Қазақстан Ата-заңының 21-жылдығына, ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Мәңгілік ел» ұлтжандылың актісінің аясында «Мен – өз елімнің патриотымын» акциясы түрінде өтті. Іс-шараға ата-аналар мен колледждің педагогтары қатысты.