"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 20-09-2016, 11:48, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1081

Тәуелсіздіктің 25 – жылдығын мерекелеу мен Жалпыға ортақ еңбек қоғамының идеясын дамыту аясында 2, 3 және 4 курстар оқушыларымен және «KSP Steel» ПФ ЖШС зауытының өкілі Н.Ф. Загрутдиновамен, кәсіптік оқыту бөлімінің басшысы И.П. Павловпен, ЭСПЦ-2 шарпрокат станының басшысы Б.К. Мажитовпен, Техникалық бақылау басқармасының шағымдармен жұмыс жөніндегі бюро басшысымен кездесу өткіздік. Алғы сөзбен директордың ОӨЖ жөніндегі орынбасары С.С. Иманқұлова сөз сөйледі. Кездесу барысында колледж бен кәсіпорынның бірлескен іс-әрекеті туралы мәселелер талқыланды, кәсіпорынның шығаратын өнімі туралы фильм көрсетілді, өндірістік іс-тәжірибеден өту мен дуальдық оқыту туралы мәселелер қозғалды.