|
| | РУС |
|
2013 жылы 7-ші наурыз күні колледжде 8-ші наурыз – халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шара болып өтті. Колледж әкімшілігі мен оқытушылары және студенттері іс-шара барысында нәзік жандыларды шын жүректен құттықтап, еңбекте табыс оқуда жеміс тіледі. Кеш соңы қызықты концертке ұласты.
2013 жылы 22 ақпанда түсіндіру және алдын алу жұмыстарын жүргізу мақсатында колледждің акт залында арнайы мамандарды шақырумен ата-аналар лекториясы ұйымдастырылды. Іс-шарада мынадай мәселелер қарастырылды: 1. Экстремизм мен терроризмнің алдын алу. 2. Отбасындағы келеңсіз жағдайларды, жасөспірімдердің стресстік және өзіне қол жұмсаушылық көңіл-күйлердің алдын алу. Балалардың құқықтарын қорғау және отбасын нығайту. «Әйелдер болашақ ұлт үшін» қоғамдық бірлестігінің директоры Бороздина Жанна Юрьевна. 3. «Кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу». Әкімшілік жаза. ГЮП инспекторы – Бастеміров Нұржан Еркінұлы. Лекторияға 120 ата-ана, сынып жетекшілері және колледж әкімшілігі қатысты.
2013 жылы 20 ақпанда колледждің жастар комитеті мен облыстық «Жас Отан» жастар қанатының өкілдерінің қатысуымен кездесу болып өтті. Бұл кездесуде жастар қанатының мүшелері Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан 2050» Стратегиялық Жолдауын, оның ішінде білім беру, жастар саясаты бөлімдерін талқылап, жастар қанаты жастар арасында қандай түсіндірмелік жұмыстар жүргізіп жатқандығын айтты. Іс-шара соңында «Жас Отан» жастар қанатына мүшелікке өтуге ниет білдірген студенттер өтініш жазды.
2013 жылы 19 ақпанда колледжің акт залында қазақстандық ұлтжандылыққа тәрбиелеу және Ауғанстанда өздерінің интернационалдық борышын атқарған жауынгерлерді жас ұрпақтарның естерінде сақтату мақсатында дөңгелек үстел өткізілді, оған Әскери даңқ мұражайының меңгерушісі Әзірбаев Аслан Дыбысбекұлы шақырылды. Студенттер Ауған соғысы туралы әңгімелерді қызығушылықпен тыңдап, құжаттық фильмді көрді. іс-шара соңында өздерін қызықтыратын сұрақтарына жауаптар алды.
2013 жылы 21 ақпанда Павлодар машина жасау колледжінде «Донор күні» өткізілді. Колледждің студенттері осы іс-шарада белсенділік танытып, олардың қандары ауру адамдардың өмірін арашалап қалуға дер кезінде қажет болуы үшін өздерінің азаматтық парыздарын орындады.
23.02.2013жылы Павлодар машина жасау колледжінде «Павлодар облысындағы ғылым мен өндірістің инновациялық-техникалық дамуы» атты ғылыми- тәжірибелік конференциясы өтті. Конференцияға 12 студент қатысты. Олар машина жасау, металлургия және құрылыс саласындағы өздерінің ғылыми- зерттеу жұмыстарының нәтижелерін көрсетті.Осындай іс-шаралар оқушылардың білім сапасын арттыруға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және жоғары білікті мамандар даярлауға оң әсерін тигізеді.
Білім беру саласының қызметкерлері аясында машина жасау колледжінің командасы 2013 жылды 16.02-17.02 аралығында волейболдан өткен XIV облыстық спартакиадаға қатысты.
17.01.2013ж. Павлодар машина жасау колледжі директорының ТЖ жөніндегі орынбасары Ф.М. Акишева сынып жетекшілеріне «Тәрбие үрдісін саралау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Онда тәжірибелі сынып жетекшілері таныстырулар дайындап, төмендегі мәселелерді талқылады: 1. Оқытушының тәрбиелеу жұмысына дайындығын өздік саралау. 2. Топтардағы саралау жұмыстарының нәтижесі. 3. Топтағы студенттердің тәрбиелік саралауы. 4. Психологтың тренингі. Дөңгелек үстел соңында ұсыныстартар айтылды.
ҚМКК «Павлодар машина жасау колледжінің» 1-ші курс оқушыларына арналған (90 оқушы) «Зорлыққа жол жоқ – бақытты болуға құқығымыз бар» атты Республикалық акция болып өтті. 2012 жылы 9-шы қарашада семинар өткіздік. Семинардың мақсаты: нәзік жандыларға зорлық-зомбылық жасауға бейім тұлғалармен жеке-алдын алу жұмыстарын іске асыру, зорлық көрсетудің алдын алу және ескерту жасау. Семинар жұмысына Павлодар қ. ІІБ полициясының инспекторы, полиция майоры А.Т. Қасымова, «Әйелдер ұлт болашағы» қоғамдық бірлестігінің директоры Ж.Ю. Бороздина қатысты. Талқылауға ұсынылған мәселелер: 1) ҚР-дің «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» заңына түсініктеме беру.
«Павлодар облысына 75 жыл» мерейтолық медалімен наградталды Павлодар облысы әкімінің 2012 жылғы 11 желтоксандағы өкіміне сәйкес Акишева Фарида Мақсұтқызы
|