Апта дәйексөзі “Әділдік пен жауапкершілік бір тұтас ұғым!”
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 7-02-2017, 12:45, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1134

Тұлғаның құқықтық және мәдени; жастардың құқықтық сана-сезімдерін және олардың балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен күштеудің пайда болуына қарсы тұру дайындығын қалыптастыру мақсатында 2017 жылы 7 ақпанда полиция майоры, байқау қызметінің аға инспекторы Г.Б. Тускешованың, «Болашақ» жастар орталығының психологы Б.М. Жұматаеваның қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Ол жастардың есірткіні, ішімдікті және темекіні пайдаланудағы жеңілтек қарым-қатынастары қандай қиын жағдайларға әкеліп соғатындығын түсіндірді. Колледж оқушылары талқылауға белсенді қатысып, өздерін қызықтырған мәселелер бойынша сұрақтарын қойды.

Жаңалық қосты admin1, 7-02-2017, 12:27, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1227

2017 жылы 7 ақпанда психология апталығының аясында Павлодар машина жасау колледжінде «Қайырымды істер марафоны» акциясы өткізілді.Студенттік кеңестің белсенділері психологпен және әлеуметтік педагогпен педагогикалық еңбек ардагері Пукс Нина Александровнаның пәтеріне барды. Балалар ардагердің үйіне басты жинау жұмыстарын жүргізіп, ыдыс-аяқтарын жуды, сонымен қатар зейнеткер өз естеліктері туралы сөз қозғады.

Жаңалық қосты admin1, 19-12-2016, 14:26, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1607

2016 жылы 21 қараша мен 15 желтоқсан аралығында колледжде ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған іс-шаралар өткізілді.

21 қарашада «ҚР Конституциясы – мемлекеттің негізгі заңы» сынып сағатын өткіздік.

22 қарашада ТМ 15-9-1 тобы ҚР рәміздеріне арналған ашық іс-шара дайындады және өткізді.

 

23 қарашада ЛП 16-9-1 тобы «Мемлекеттік шекара» тақырыбында достық және қайырымды көршілер сабағын өткіздік.

25 қарашада «ҚР-дің Бірінші Президенті – ұлт көшбасшысының кітапханасы» тақырыбында ақпараттық сағат ұйымдастырдық.

27 қарашада ЛП 15-9-1 тобы «Халықтың бірлігі – ұлы игілік» тақырыбында фестиваль өткізді.

 

28 қарашада ЭЭЖ 16-11-1 тобы «Ұлттық валюта» теңгенің құрылу тарихын таныстырды.

29 қарашада ТОРА 16-11-1 тобында «Қазақстан ядролық қарусыз әлемді қолдайды» тақырыбында көнференция өткізілді.

30 қарашада «Ғылым мен жаңа технологиялар» тақырыбында Қазақстандағы ғылыми жетістіктерді таныстырдық.

30 желтоқсанда ТМ 15-9-1 тобын «Қазақстандағы президенттілік институты» интеллектуалдық ойынын өткізді.

2 желтоқсанда колледж психологы «Отбасы құндылықтары» тренингін ұйымдастырды.

3 желтоқсанда ЖК жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырып, флешмоб ұйымдастырды.

 

4 желтоқсанда ТОРА 16-9-1 тобы «Спорттағы жетістіктер» тақырыбында ақпараттық сағат дайындады және өткізді группа.

 

2016 жылы 9 желтоқсанда таңғы сағ. 8.30-да колледждің мәжіліс залында «Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз» атты бірегей тарих сабағын өткіздік. Шара барысында «1991 – 2016 жылдар аралығындағы Тәуелсіздік хронологиясы» слайдтары мен бейнефильмдер пайдаланылды. Сабаққа 1-2 курстардан 125 оқушы қатысты.

Колледждің фойесіне колледж тарихына, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдағы жетістігіне, әлеуметтік серіктестіктерге арналған «Болашағымыз – бірлікте!» стенді дайындалған. Сонымен қатар «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» тақырыбындағы 25 жұлдызды күндерді өткізу аясында күнделікті күнтізбе жүргізіледі.

сағ. 13.00-де колледждің мәжіліс залында оқушылар ҚР Тәуелсіздік жылдарында колледждің дамуына үлкен үлес қосқан педагогикалық еңбек ардагерлерін жылы қарсы алды. Кездесу сәтінде ардагер педагогтар оқушыларға өздерінің еңбек жолдарын айтып өтіп, олардың таңдаған мамандықтарын жақсы меңгеруге шақырды. Содан соң педагогикалық еңбек ардагерлерінің құрметіне мерекелік концерт, фотосессия мен шәй ішу ұйымдастырылды.

11 желтоқсанда ТОРА 16-9-1 тобы «ЭКСПО-ның жасыл технологиялары» таныстыруын дайындап өткізді.

13 желтоқсанда ТОРА  14-9-1 тобы «Мықты ел – мықты аймақ» тақырыбында Павлодар облысының ресми карточкасын дайындады.

14 желтоқсанда ЭЭЖ 13-9-1 тобы «Мәңгілік Ел» мәңгілік құндылықтар тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

 

15 желтоқсанда шараларды «Қазақстан – сүйікті елім, Қазақстан – Республикам менің» мерекелік бағдарламасымен аяқтадық. Оқуда үздік, спортта жақсы жетістіктерге қол жеткізген оқушылардың ата-аналары колледждің алғыс хаттарымен марапатталды.

 

Жаңалық қосты admin1, 30-11-2016, 12:27, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1009

Қараша айында Павлодар машина жасау колледжінде жаңа жиынның барлық топтарында топтағы әр оқушының орындарын анықтау мақсатында «Топтың кемесі» ойыны түрінде бейімделушілік тренингін өткізілді.

Жаңалық қосты admin1, 30-11-2016, 11:22, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1741

2016 жылы қарашада жасөспірімдерге адам денсаулығына темекі шегудің жойқын әсері туралы ақпараттандыруды арттыру мақсатында, бос уақытты тиімді пайдалану, өзіне және қоршаған ортаға саналы және жауапты қарым-қатынасты енгізу үшін Машина жасау колледжінде темекі шегуден дүниежүзілік бас тартуға арналған онкүндік өткізілді.

 

 

КВН ойыны түрінде «Темекі шегу – денсаулыққа зиян!» іс-шарасы ТМ 16-9-1т. оқушыларының «Паприка» және ЛП 16-9-1т. оқушыларының «ОБА-НА» командаларының арасында өткізілді.    

 

Онкүндік аясында «Біздің денсаулығымыз өз қолымызда» тақырыбында семинар-тренингін өткіздік. Оқушылардың бойында негізгі дағдыларды, өз ұстамдары мен әлеуметтік орта қысымына психологиялық тұрақтылықты қалыптастыру мақсатында оқушылар «Мен жоқ деп айтатынымды білемін» жаттығуын орындады, онда балалар темекі тартуға ұсыныс білдіруден бас тартудың әр түрлі формаларын ұсынды.

 

Темекі шегудің алдын алу жөніндегі плакаттар байқауында жетекші орындарды ТМ 16-9-1, ЭЭЖ 16-11-1, ЭЭЖ 16-9-1 топтары алды.

 

Жаңалық қосты admin1, 22-11-2016, 13:04, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1141

2016 жылы 22 қарашада Павлодар машина жасау колледжінде «Экстремизм мен терроризмнің қазіргі қауіп-қатеріне қарсы тұру» тақырыбында семинар өткізілді.  Семинарға қоғамдық пәндер оқытушылары, 1 курстың сынып жетекшілері және 1 курстын 75 оқушысы қатысты. Семинардың жұмысы Павлодар облысының діндер ісі жөніндегі Басқарманың діниаралық қарым-қатынасты дамыту орталығының қатысуымен өтті.

Жаңалық қосты admin1, 10-11-2016, 13:14, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1244

2016 жылы 26 қазан және 10 қараша айларының аралығында ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығы аясында жас ұрпақтың ұлтжандылық сезімдерін арттыру, шығырмашылық қабілеттерін шыңдау мен қызығушылықтарын жетілдіру, ҚР рәміздеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу, еліміздің тарихын болашақ ұрпақ арқылы үгіттейтін жауапкершілік сезімдерін қалыптастыру мақсатында келесі іс-шаралар өткіздік: колледждің ЖК-сы Қазақстан тарихын оқушылардың  қаншалықты білетіні туралы сауалнама өткізді, оған 100-ден астам оқушы қатысты. Сонымен қатар тарих білгірі байқауын өткіздік, нәтижесінде 2 курстың студенті Жапаров Ильяс үздік білгір атағын иеленді. 1 және 2 курстың 6 тобы ҚР Ән-ұранын орындау байқауына қатысты.

 

Жаңалық қосты admin1, 9-11-2016, 13:38, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1158

ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығын мерекелеу аясында 9 қарашада «Болашағымыз бірлікте» атты мұражай сабағын өткіздік. Сабақты өткізуге Бұхар Жырау атындағы мұражайдың қызметкерлерін шақырдық. Іс-шара ҚР Ән-ұранын орындаумен басталды. Музыкалық композицияда 1991 жылдан бастап қазіргі күнге дейінгі Тәуелсіз Республиканың жаңалығы көрсетілді. Бейне фильмдер көрсетіліп, ұлтжандылық әндер орындалды. 1 және 2 курстың оқушылары тыңдармандар болды. 

 

 

Жаңалық қосты admin1, 3-11-2016, 12:21, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1246

3 қарашада СӨС бағдарламасының аясында және Павлодар облысының жастар ұйымы мен балалар Қауымдастығын жастардың репродуктивті денсаулығын нығайту мен қолдау мақсатында семинар-тренинг өткізді. Семинар барысында беинероликтер көрсетіліп, лекториялар мен тренингтер өткізілді.

   

Жаңалық қосты admin1, 28-10-2016, 17:45, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1254

Колледждің ұлдар мен қыздар командасы  ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған тоғыз-құмалақтан колледждер арасында өткізілген 2 лиганың облыстық XXVI спартакиадасына қатысты және жарысқа қатысқан облыстың 12 колледжінің арасынан құрметті 1-ші орынға ие болды. Ұлдар командасының құрамына: ЛП 15-9-1 тобынан Өмірзақов Мирас пен ТМ 14-11-1 тобынан Шайхимов Нұрслан, қыздар командасының құрамына: ЛП 13-9-1 тобынан Жамалиденова Гүлмира мен ЛП 15-9-1 тобынан Мұратова Айымгүл кірді. Студенттер грамоталармен және медальдармен және сонымен қатар ұлдар мен қыздар командасы командалық есепте 1 орын алғаны үшін грамотамен марапатталды.