Апта дәйексөзі “Әділдік пен жауапкершілік бір тұтас ұғым!”
бос уакыт Белсенді бол әрі салауатты өмір үлгісін таңда!
Жаңалық қосты admin1, 6-02-2017, 16:45, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1134

 

Дүние жүзілік қатерлі ісікпен күрес күніжыл сайын Халықаралық қатерлі ісікке қарсы одақтың бастамасымен 4 ақпанда аталып өтіледі. 2017 жылы осы күні 2016 жылғы кампанияның жалғасы болады және «Біздің қолымыздан, Менің қолымнан бәрі де келеді!» ұранымен денешынықтыру белсенділігін арттыру үндестігімен өткізіледі.

ДДҰ мәліметі бойынша денешынықтыру белсенділігінің болмауы мысалы 21-25%сүт бездерінің қатерлі ісігі мен тік ішек, 27% диабет, 30% жүректің ишемиялық аурулары  ауыртпалықтарының негіз себептері болып табылады.

Тұрақты денешынықтыру белсенділігі денсаулықты қалыпты ұстап тұруға жағдай жасайды.

Дене шынықтырумен белсенді түрде айналысатын адамдар: өздерінің бұлшықет күйін, сонымен қатар жүрек және тыныс алу жүйелерінің күйін ұстап тұруға; сүйек пен денсаулық күйлерін жақсартуға; жүректің ишемиялық ауруларының, жоғарғы қан қысымы, инсульт, диабет, тік ішектің және сүт бездерінің қатерлі ісігі, сонымен қатар ширығудың төмен көрсеткіштеріне ие болады; құлау қаупі мен мойын немесе жамбас омыртқасының сынулары аз болады; қалыпты салмақты жеңіл ұстайды.

Адамдар 5-17 жас аралығында барынша дене шынықтырумен айналысулары қажет. Жалпы уақыт көлемі күніне 60 минут.

18-64 жас аралығында  қалыпты дене шынықтырумен айналысулары қажет. Жалпы уақыт көлемі аптасына 150 минут немесе барынша дене шынықтырумен айналысулары қажет. Жалпы уақыт көлемі аптасына 75 минут. Дене шынықтыру белсенділігі жүрек және тыныс алу жүйелеріне пайда әкелу үшін әр жаттығу кемінде 10 минут болуы қажет.

    Салауатты, белсенді өмір салтын таңда.

    Ерте тексеруден өту өміріңді құтқарады.

    Өзгелерге қолдау көрсет және өзің қолдау сұра.

    Өз ауруыңды бақыла.

    Жақсы көр және тартымды бол.

    Ауруды жең және өз жұмысыңа орал.

    Онкологиялық аурулардың маңыздылық мәселелеріне назар аудар.

    Өзің туралы айт және қатерлі ісікке қарсы бағдарламаларға қатыс.

dle
Другие новости по теме:
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии к новости: Белсенді бол әрі салауатты өмір үлгісін таңда!