Апта дәйексөзі “Әділдік пен жауапкершілік бір тұтас ұғым!”
бос уакыт Сақ болыңыз, туберкулез!
Жаңалық қосты admin1, 23-03-2017, 11:19, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1067

Туберкулёз жұқпалы аурулар қатарына жатады. Туберкулез көбінесе тыныс алу ағзаларын зақымдайды, бірақ туберкулездың өкпедан тыс түрлері де кездеседі. Мұнда адамның терісі, лифа түйіндері, сүйектер, бүйректер, көз, орталық жүйке жүйелері және т.б. зақымдануы мүмкін.

1993 жылы Дүние жүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы (ДДҰ) туберкулезді ғаламдық қауіп проблемасы деп жариялады. Жер шарында 3 млн. астам адам жыл сайын туберкулезден қайтыс болады, жер шарының 1/3 тұрғыны туберкулез таяқшасын жұқтырған, яғни оның тасымалдаушысы болып табылады.

Туберкулез ауа-тамшыларының жолымен (сөйлескенде, түшкіргенде, жөтелгенде); туберкулез жұқтырған адамның қақырықпен, сілекеймен ласталған заттарымен жанасқанда, өйткені бұл микробтар ортада өз белсенділіктерін ұзақ уақыт бойы сақтайды.

Туберкулез - бұл зооантропоноз, сондықтан жұқпалы аурудың таралу қаупін туберкулезбен ауырған жануарлар (ірі қара мал) да тудыруы мүмкін. Бұл аурудың жұғуына жануардың сүтін пайдалану, жеткілікті дәрежеде термиялық өңдеуден өткізілмеген жағдайда пайда болады.

Туберкулезден негізгі алдын алу ортасы – БЦЖ вакцинасын егу болып табылады. Туберкулезден екпе алған балалар екпе алмағандарға қарағанда 15 есе аз ауырады. Екпен бала өмірінің 3-6 күндері перзентханада егіледі. Екпе енгізілген жерде біртіндеп қабыну өзгерістері пайда болады, оның орнында шағын ойықша болуы мүмкін. Бұл қалыпты ағымдық процесс.

Иммунитет 5-7 жыл бойы сақталады, сондықтан 7 және 14 жастағы теріс Манту теріс реакциясымен (жұқпалы ауруы жоқ) балаларға БЦЖ екпесін егу қайта жүргізіледі.

Екпені егу туылғанда салмағы 2 кг. аспайтын балаларға, туа біткен басқапқы иммунотапшылық, созылмалы ауруда және оның күшеюінде, қатерлі жаңа түзілімдер кезінде қарсы көрсетілген.

Созылмалы ауруға шалдыққан балалар дені су балаларға қарағанда екпеге өте зәру, өйткені мұндай балаларда кез келген жұқпалы аурудың, оның ішінде туберкулездің ағымы ауыр әрі асқынбалы болып келеді.

dle
Другие новости по теме:
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии к новости: Сақ болыңыз, туберкулез!