Апта дәйексөзі “Әділдік пен жауапкершілік бір тұтас ұғым!”
Педагог Өзіңнің жора-жолдастарыңмен қалай қарым-қатынас құру керектігін білесің бе?
Жаңалық қосты admin1, 27-04-2012, 16:05, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 3282

Өзіңді толық тани біл. Өзіңнен қысықты қасиеттеріңді таба біл – ол өз жағыңа құрбы-құрдастарыңды тарта білуге және басқа адамдар туралы дұрыс талдау жасауға көмектеседі

 Басқа адамның ішкі дүниесін танып білуге, оған назар аударуға өзіңді жетілдір. Әңгімелесу кезінде оны қызықтыратын сұрақтарды қоюға тырыс.

 Есте сақта, әркім құрмет көрсетуге лайықты өйткені ол – адам. Басқалар саған құрметпен қарау үшін өзің де оларға құрметпен қара.

 Жиірек басқа адамға өз қызығушылығыңды білдір. Оның жақсы жақтарын табуға тырыс.

Жолдасыңның ұсақ кемшіліктерін назарға алма. Ондай қасиет өз бойыңнан да табылуы мүмкін. 

 Әзіл-қалжыңды көтеруге тырыс. Егер кімде кім сенің сыртқы көрінісіңді немесе үлгеріміңді мінесе, сен де оған әзілмен жауап беруге тырыс.

 Жолдасыңды тыңдауға тырыс, онымен әңгіме-дүкен құруға үйрен.

 Шығармашылық тұрғыдан ойлануды үйрен, өзіңді қызықтыратын істермен айналыс.

Егер де сен досыңнан айырылсаң оған себеп мүмкін екеуіңнің де өзгергендерің, есейгендерің, сол себепті айырылыстыңдар. Әрқашан жаңадан достар табуға болады. Бірақ нағыз достар сенімен өмір бойы бірге болады.

dle
Другие новости по теме:
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии к новости: Өзіңнің жора-жолдастарыңмен қалай қарым-қатынас құру керектігін білесің бе?