"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 14-04-2022, 15:29, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 23

2022 жылдың 12 сәуірінде Қостанай автомобиль көлігі колледжінде Қазақстандағы ғылым қызметкерлері күніне арналған “Ғылым және жастар: мәселелер мен шешімдер” атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. 4 курс студенті Досымханов Ернұрдың “Ақсу ГРЭС 2400мвт өнеркәсіптік объектісіне қатысты “Еуроазиялық энергетикалық Корпорация” АҚ базасында электр желілерінде энергия үнемдеуді жетілдіру бойынша іс - шараларды әзірлеу” тақырыбындағы Д. Д. Айкимбаева мен Ж. Т. Жанкаринованың жетекшілігімен дайындалған ғылыми-зерттеу жобасы 3-ші орынға ие болды.

Жобада 500 кВ кернеулі желідегі кернеудің жоғалуын азайтуға әсер ететін климаттық және режимдік факторларды ескере отырып, ғылыми-техникалық және ұйымдастырушылық шаралар зерттелді. 

Жобаның практикалық маңыздылығы-энергия тиімділігі көрсеткіштерін жақсарту, электр энергиясының шығындарын 13-тен 8,9%-ға дейін төмендету.

“Ғылым және жастар: мәселелер мен шешімдер”

“Ғылым және жастар: мәселелер мен шешімдер”