"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 2-04-2022, 16:29, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 68

   Арнайы пәндер онкүндігі кезінде арнайы пәндер оқытушылары өздерінің педагогикалық және кәсіби шеберліктерін көрсетті.

Оқытушылар Баткеев Б.Т., Смагулова А.К., Куспеков К. М., Абильбаев М. Б., Байдильдин Н. К., Журсебай Р. Ж. "Машина жасау технологиясы", "Құю өндірісі" және "Электр және электромеханикалық жабдықтар" мамандықтары бойынша оқитын топтарда ашық сабақтар өткізді.

   Өз сабақтарында олар оқытудың әртүрлі әдістері мен формаларын, пәндермен пәнаралық интеграцияны, ТҚО-ны және көрнекі құралдарды қолданды.

«Арнайы пәндер онкүндігі»