"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 1-04-2022, 15:29, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 151

   Сондай-ақ, "Машина жасау технологиясы", "Электр және электромеханикалық жабдықтар" және "Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану" мамандықтары бойынша "Үздік мамандық" конкурстары өтті. Байқауға 2, 3 және 4 курс студенттері қатысып, таңдаған мамандығы бойынша теориялық және практикалық дағдыларын көрсетті. "Машина жасау технологиясы" мамандығы бойынша үздіктер:

   1 орын-Сансызбаев Аян, 3 курс

   2 орын - Бримжанов Мақсат, 3 курс

   3 орын-Полетаев Сергей, 3 курс

   Жеңімпаз Луцко Ринат, 4 курс ("Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану"мамандығы бойынша)

   Сабақ-конкурстардың, кәсіби шеберлік конкурстарының көмегімен кәсіби-пәндік білімді меңгерудің тиімділігі артады, студенттердің шығармашылық және кәсіби ойлауы қалыптасады. Сондай-ақ қарым-қатынас психологиясы, кәсіби этика мәселелері пысықталады, сөйлеу мәдениеті қалыптасады және орта қызметкердің жұмысына байланысты нақты жағдайларға талдау жасалады

Машина жасау технологиясы"