"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 7-09-2021, 09:50, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 217

   Павлодар машина жасау колледжінің студенттері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Жалпықазақстандық ашық диктант" республикалық акциясына белсенді қатысты. Диктантты 78 адам "Тәуелсіздік-басты құндылығымыз!" тақырыбында жазды. Диктанттың басты мақсаты мемлекеттік тілді этносаралық қарым-қатынас тілі ретінде дамыту, қолдану аясын кеңейту, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру болып табылады.