"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 4-06-2021, 12:00, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 224

 

http://pmk-kolledg.edu.kz/rus/uploads/040621.jpg

 

 

3 маусым күні колледжде 1,2 курс студенттеріне арналған ПБЗ тұтынудың алдын алу бойынша онлайн - семинар өтті. Семинар жұмысына Павлодар облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім бастығы, полиция майоры И.А. Тимиргалиева және Павлодар облыстық психикалық денсаулық орталығының психологы А. Небельцова қатысты. Есірткі заттар, есірткіге байланысты қылмыстық әрекеттер туралы ақпарат берілді. Полиция департаментінің өкілі студенттердің назарын жазғы уақытта уақыт өткізуге аударды және өмір қауіпсіздігін сақтау бойынша түрлі жағдайлардағы сақтық шараларына ерекше назар аударды