"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 20-10-2020, 16:02, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 384

20-21 қазанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің бастамасымен колледжде «Бауыржан Момышұлы: ар-намыс және ерлік – батырлықтың белгілері» тақырыбында кезекті онлайн парасаттылық сабағы өткізілді.

Онлайн-дәріс барысында студенттер Ұлы полк командирінің ерліктері мен өмірлік ұстанымдары туралы тағы да еске алды.

Бауыржан Момышұлының мұрасы батырлыққа, тәртіп пен патриотизмге толы, оның өмірі адалдық, әділдік және парасаттылық қағидаттарына негізделген.

Біз осы құндылықтарды жас ұрпаққа сіңіре отырып, сыбайлас жемқорлық орын алмайтын, адамгершілігі жоғары адами қасиеттер мен адал еңбек құнды болатын ізгі қоғам құруға болатынына сенімдіміз.