"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 5-11-2019, 13:00, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 630

           5 қараша күні Павлодар машина жасау колледжінде «Менің туым – менің Отаным» атты акция өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – колледж студенттерінің мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауын қалыптастыру, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Акция аясында еліміздің туына құрмет көрсету рәсімі өтті. Ту әрқашан символдық және киелі мәнге ие болды. Балалар Қазақстанның мемлекеттік туына арналған өлеңдер оқыды.

          Біз әрқашан көк туымызды сақтап, жақсы көріп және оны мақтан тұтуымыз керек. Бұл барлық қазақстандықтарды біріктіреді.