|
| | РУС |
|
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру жастар саясатының бағыты болып табылады, сонымен қатар біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттырудың шешуші факторы болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім берудің мақсаты - жастардың сыбайлас жемқорлыққа қатысты азаматтық ұстанымын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа теріс көзқарасты қалыптастыру үшін қажетті құндылықтар мен қабілеттерді дамыту. 2019 жылдың 4 қарашасында Павлодар инженерлік колледжінде «Адалдық сағаты» атты бірыңғай сағат өтті, оған 150 студент қатысты. Қоғамдық пәндер оқытушылары Жумагалиева Д.С. және Баракбаев С.Т. сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алуға арналған презентациялық материалдар мен бейнероликтер дайындады. Павлодар инженерлік колледжінде жемқорлыққа орын жоқ!
|