"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 15-02-2018, 10:56, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 834

15.02.2018 жылы КМҚК «Павлодар машина жасау колледжінде» «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында 1-ші курстағы ТМ 17-11-1 тобының қатыстумен «Қоғамдық сананы жетілдірудегі ғылымның рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттары талқыланды. Студенттер таныстырумен баяндамалар дайындады. Дөңгелек үстелдің тақырыбы маңызды әрі танымдық болды. Балалар негізгі сәттерді талқылауға қызығушылықпен қатысты.

 

Жаңалық қосты admin1, 15-02-2018, 10:07, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1024

Ұлттық «Қатерлі ісіксіз өмір» бағдарламасының аясында Павлодар машина жасау колледжінде 2018ж. 5-15 ақпан аралығында Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күніне арналған онкологиялық аурулардың алдын алу және оны ерте анықтау бойынша онкүндік өткізілді, колледждің мәжіліс залында салауатты өмір салтының, дұрыс тамақтанудың, шынығу белсенділігінің, студенттер арасында алдын алу тексерісінің маңыздылығы туралы ақпараттық сағат өткізілді. Сонымен қатар онкологиялық аурулардың алдын алу бойынша оқушылар арасында буклеттер таратылды.