"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 13-02-2018, 10:10, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1068

13 ақпанда колледждің мәжіліс залында «Салауатты өмір салты» таныстыру байқауын өткіздік, онда дұрыс тамақтану мен шынығу жүктемесі тек онкологиялық аурулардың дамуының қауіп-қатерін төмендетіп қана қоймайды, сондай ақ көптеген басқа да созылмалы жағдайларды, атап айтқанда жүрек қан-тамыр аурулары, гипертензия мен диабет ақпараттарымен  санбюллетень дайындадық. Жақсы түнгі ұйқы да ағзаның қатерлі ісікпен күресу қабілеттерін жақсартуға өз үлесін қосады. Оқушыларға іс-шараның соңында грамоталар берілді. Бірінші орынды  ЭЭЖ 17-9-1 тобының студентері Каюмова Альфия  және  Есенгельді Сапарбек алды, екінші орынды  ТМ 17-9-1 тобының оқушылары Дичкова Валерия мен Антонов Виталий алды, үшінші орынның грамотасымен  Васильев Владимир, Нурдаулетов Бауыржан, Капатай Серік  және Муканов Дамир марапатталды.