"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 12-02-2018, 16:58, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1158

08.02.2018 – 10.02.2018ж.ж. аралығында колледжде 1201000 «Автокөлікке техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», біліктілігі «техник-механик» мамандығы бойынша ТОРА 16-11-1 тобының 3-ші курс студенттерімен «Автокөлікке техникалық қызмет көрсету» пәні бойынша курстық жобаларды қорғау өткізілді.

            Келесі студенттер: Рачковский Станислав, Жаксыбаев Ерболат, Усов Сергей, Шейкин Владислав, Шамшудинов Ризат, Тыржикаев Айдар, Сурмий Иван, Доронин Роман курстық жобаларды табысты түрде қорғап шықты.

            Студент Усов Сергейдің «ВАЗ 2114 автөкөлігіне мысал ретінде қалалық автоцех кәсіпорнының жағдайындағы ТҚК – 2 аймағының жобасы», Жақсыбаев Ерболаттың «Жүк автокөліктерінің қозғалтқыштарындағы жанармай аппаратурасының техникалық күйін тексеру және қызмет көрсету технологиясы», Рачковский Станиславтың «Автокөліктердің шанақтарына, олардың қорғаныс жабындыларына қызмет көрсету және техникалық күйін күту жөніндегі бекеттің жобасы» тақырыптарына арналған жобалар маңызды әрі қызықты болды.

            Балаларға оқуда табыстар тілейміз!