"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 29-11-2017, 22:07, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 921

 

          29.11.2017 жылы сағат 11.00-де Халықаралық жемқорлықпен күрес күнінің алдында колледжде бірегей сынып сағаты өткізілді.

Барлығы 184 оқушы қамтылды. Сынып сағаты бірінші ЭЭЖ 17-9-1, ЭЭЖ 16-9-1, ЭЭЖ 16-11-1 қазақ топтарында өткізілді. Барлығы 67 оқушы. Оқытушы С.Т. Барақбаев таныстыру, бейне роликтер, Павлодар қ. болған құқық бұзушылықтар жайлы көрсетті.

Екінші болып осындай сынып сағатын бөлім меңгерушісі Д.С. Жұмағалиева өткізді. 117 оқушы қамтылды. Ол сонымен қатар жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы айтып, жемқорлық туралы қолданыстағы заңдармен таныстырды, таныстырулар, бейне роликтер мен фильмдер көрсетті. Соңында оқытушылар оқушылармен әңгімелесіп, оқушыларды қызықтырған сұрақтарға тиісті жауаптарын берді. 

 

Жаңалық қосты admin1, 29-11-2017, 15:10, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 914

«Саламатты тұрғын үй» акциясы аясында 2017ж. 29 қарашада КМҚК «Павлодар машина жасау колледжінің» жатақханасында санитарлық және физикалық мәдениетті дамытып салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыру арқылы өз тұрғылықты жерін жақсарту, денсаулығына қажетті жауапкершілікті ақпараттандыру мақсатында оқушылармен флеш-моб өткізілді.