"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 16-11-2017, 10:32, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1004

2017ж. 16 қарашада КМҚК «Павлодар машина жасау колледжінің» студенті Арипов Жыргал Темекі шегуден бас тарту күні (19 қараша) және оған арналған онкүндікке орай «Салауатты өмір салтын қолдау орталығы» ЖШС-мен ұйымдастырылған «Дені сау жастар – дені сау болашақ» конференциясына қатысты. Арипов Жыргал – «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша екінші курста оқиды, оқу үздігі, колледждің қоғамдық өміріне белсенді қатысушы. Студенттің баяндама тақырыбы «Менің колледжім – денсаулық аумағы» әрі таныстыру слайдтары дайындалды. Студенттің баяндамасында дене, психикалық және адамгершілік саулық, басқаша айтқанда аурулар мен дене ақаулықтарының болмауы ғана емес, «денсаулық – бұл дене, рухани және әлеуметтік сәттілік» идеясы қамтылған. Әр құрылымға студент көбінесе өз тобынан, колледждің тәрбие жұмысынан, сонымен қатар өзініңбелсенділік өміршеңдік ұстанымынан мысалдар келтірді. Конференцияға қатысқаны үшін Арипов Жыргал үшінші орынға ие болды.