"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 6-11-2017, 22:02, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 862

Өткізілетін орын: колледждің мәжіліс залы

Лектор: Әлімханов Олжас Сансызбайұлы – Павлодар қ. бойынша Жемқорлыққа қарсы комитеттің маманы

Қатысқандар:  Барлығы 72 оқушы: 21 адам - ТМ16-9-1т., 18 адам – ЭЭЖ 16-9-1т., 18 адам – ЛП16-9-1т., 15 адам – ТМ17-11-1т.

          О.С. Әлімханов әлемдік көлемдегі жемқорлық картасы туралы оқушыларға айтып, бірнеше елдердің жемқорлық деңгейі бойынша салыстырма жасады. Ол Қазақстанның 131 орында тұрғандығын айтты. 2016 жылы жемқорлыққа қарсы қызмет лауазымдық тұлғалардың қолдауында болған 8 ҰҚТ-ның қылмысы әшкереленіп, 90 адам жазаға тартылды. Сондықтан жемқорлықпен күресті күшейту үшін Қазақстанда Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі құрылды. Бұл арнайы бөлім жемқорлық құқық бұзушылықты жүйелі түрде ескерту және оның алдын алу үшін құрылған. ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсанда №1131 Қаулысында жемқорлық құқық бұзушылық оқиғалары туралы хабарлама үшін бір реттік ақшалай сыйлық қарастырылған. 

          Әрі қарай оқушыларға жемқорлық және іс-шаралар мен оларды ескерту туралы бейне фильм көрсетілді.

           Оқушыларға дәріс өте ұнады, өйткені ол мазмұнды әрі тиімді болды.