Апта дәйексөзі “Әділдік пен жауапкершілік бір тұтас ұғым!”
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 29-05-2017, 10:54, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1175

Ахметова Гульсум Кайруловна – педагог-психолог

       С.М.Торайгыров атындағы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын  2006 жылы педагог-психолог мамандығы бойынша аяқтады. Жалпы педагогикалық тәжірибе 22 жыл. Педагог-психолог кабинетінде  жұма сайын топтық тренингтер, кеңестер, сұхбаттар, оқушылармен. ата-аналармен жеке жұмыстар жүргізіледі.

Даулетова Жанат Тулеуовна – социальный педагог 

   Павлодарский педагогикалық институтын 2006 жылы аяқтады. Жалпы педагогикалық тәжірибе - 14жыл.

Байланысу : 208 каб. Жұмыс уақыты: 8.30 - 17.30

Оқушылардың ата-аналарымен жұмыс: сәрсенбі? бейсенбі.

Оқушыларға жеке кеңес: сейсенбі

 

Жаңалық қосты admin1, 25-05-2017, 10:34, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 2683

Колледжге оқуға түсуге қажетті құжаттар:

 

1. Оқуға қабылдау туралыөтініш;

2.Білімі туралы құжаттың түпнұсқасы;

3.086-У үлгідегі медициналық анықтама (нарко-,псих-, тубдиспансер),флюорография, екпе картасы (І және ІІ топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы);

4.3х4 көлемдегі фотосурет (ақ-қара, түсті) – 4 дана;

Жаңалық қосты admin1, 15-05-2017, 17:09, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1241

 

15 мамырда Халықаралық отбасы күні аясында Машина жасау колледжінде отбасылық салтты қайта жаңғырту, рухани құндылықтарды нығайту арқылы отбасындағы баланың жеке тұлғааралық өсуі мен дамуын қалыптастыр мақсатында туған адамдарға бір уақытта қоңырау шалу акциясы өткізілді.

Жаңалық қосты admin1, 15-05-2017, 11:35, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1364

 

       Артериялық гипертония қоғамдық денсаулық сақтау саласының ғаламдық мәселесі болып табылып, жүрек ауруы, инсульт пен бүйрек жеткіліксіздігіне себепші болады, сондай-ақ мезгілсіз өлім-жітім мен мүгедектікке алыпкеледі. Гипертонияны ерте анықтау, сәйкес ем қабылдау мен тиісті бақылау денсаулықты жақсартуды қамтамасыз етеді және экономика жағынанда пайдалы, себебі гипертонияның асқынуын емдеу қымбат араласуларды іске асырумен ұштасады. Гипертонияның алдын алуға келесі мінез-құлықтық қауіпті факторларды бақылау мүмкіндік береді, оған: тұзды және майлы тағам қабылдау, ас үлесінде жеткілікті мөлшерде жемістер мен көкөністердің болмауы; шылымқорлық; ішімдікті шамадан тыс тұтыну; дене белсенділігінің жеткіліксіздігі; жүрек-қантамыр аурулары, қант диабеті, созылмалы респираторлық аурулар және онкологиялық аурулар секілді қауіпті жұқпалы емес ауруларды дамытатын маңызды мінез-құлықтық қауіпті факторлар болып табылатын күйзелісті бақылаудың жеткіліксіздігі. Егер тиісті шараларды қабылдамаса, ДДҰ-ның саапшыларының болжамы бойынша жүрек-қантамыр ауруларынан болатын өлім-жітім деректері одан әрі өсе беретін болады.

     Артериялық қан қысымының деңгейі кез келген жаста сынап бағанасынан 140/90 мм аспауы тиіс (АҚҚ — с.б. 120/80 мм— кез келген жасқа қолайлы). АҚҚ үнемі с.б. 150 мм жоғары болған жағдайда қалыпты артериялық қан қысымына қарағанда инсульт 3 есе көп, ал  инфаркт –2,5 есе жиі кездеседі, артериялық қан қысымын өлшеу нәтижелерін Өзін-өзі бақылау күнделігіне жазып отыру қажет.

Жаңалық қосты admin1, 10-05-2017, 14:07, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1334

2017 жылдың 2-9 мамыр аралығында Жеңіс күніне арналған қызықты іс-шаралар өткізілді. Бұл іс-шаралар жеңіске жеткен өз халқына деген мақтанышқа, ерлік пен жауапкершілікке тәрбиелеуге, қазақстандық ұлтжандылық сезімін қалыптастыруға бағытталған.

3.05.2017ж. ТМ-16-9-1 тобының сынып жетекшісі «Борыш» - «Соғыс ардагерлерінің барлығы біздің есімізде» тақырыбындағы сынып сағатында таныстыру өткізді. Ашық сынып сағатында ҰОС туралы студенттер дайындаған слайдттар пайдаланылды. 5.05.2017ж. колледждің белсенділері тыл, еңбек ардагері А.П. Зогайчукқа барды. Ол соғыс жылдары қалай жұмыс істегендігін, тың игеруге қалай қатысқандығын, бірнеше наградалары бар екендігін айтып өтті. Кездесу соңында сыйлықтар табысталып естелікке суретке түстік.

2017 жылы 6 мамырда мәжіліс залында Жеңіс күні мен Қазақстан Қарулы күштері күніне арналған мерекелік концерттік бағдарламаны өткіздік.

9 мамырда ұлдар алаңда өткізілген шараға қатысты.