Апта дәйексөзі “Әділдік пен жауапкершілік бір тұтас ұғым!”
Жаңалықты сұрыптау керек: күні байынша | танымалдығы бойынша | кіргені бойынша | пікірі бойынша | Әліппе бойынша
Жаңалық қосты admin1, 19-09-2016, 11:54, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1610

Колледжде қыркүйек айының төртінші аптасында өздерінің жүрек жылуын колледж оқушыларына арнап, құрметті еңбек демалысына шыққан еңбек ардагерлерімен кездесу өткізу дәстүрге айналды. Бұл күні оларға колледж бойынша экскурсия ұйымдастырып, музыкалық құттықтаулар мен сыйлықтар табысталды, дастархан жайылды. Құрметті ардагерлер өткен күндерді еске алысып, колледжде болып жатқан өзгерістерге қуанды, ән айтып би билеп жақсы көңіл күймен үйлеріне тарасты. Олар өз кезегінде колледж әкімшілігіне, ұжымға өздерін ұмытпай үнемі осындай кездесулер өткізіп отыратындығына алғыстарын айтты.