Апта дәйексөзі “Әділдік пен жауапкершілік бір тұтас ұғым!”
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 12-09-2016, 11:05, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1661

Денсаулық – әр адамның толық әрі бақытты өмір сүруінің негізгі кепілі. Ол жоспарланған мақсаттарға, негізгі өміршеңдік міндеттерге қол жеткізуге, әр түрлі қиындықтарды жеңуге көмектеседі. Жақсы денсаулық адамның ұзақ әрі белсенді өмір сүруіне жағдай жасайды.

Әр адам әсіресе жасы ұлғайған сайын өз денсаулығының қадірін түсіне бастайды. Сондықтан салауатты өмір салтын қалыптастыру бала кезден басталуы керек. Салауатты өмір салтын үгіттей отырып, біз колледжде өте көп іс-шаралар өткіземіз. Оның біреуі дәстүрлі түрде өткізілетін Денсаулық күні, бұл іс-шара 2016ж. 9 қыркүйекте Усолка мөлтек ауданында орналасқан «Ертіс» спорттық базасында өткізілді. Оқушылар футбол ойнады, кір тасын көтеріп, қанат тартысты. «Көңілді старт» сайысы өте қызықты әрі тартымды өтті. Ауа райының қолайсыздығы біздің спортшылрымызға бөгет бола алмады. Оқушылар арасында үздік деп танылғандар грамоталармен марапатталды.