Апта дәйексөзі “Әділдік пен жауапкершілік бір тұтас ұғым!”
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 26-09-2016, 12:05, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1356

2016 жылдың 19 – 27 қыркүйек аралығында Бейбітшілік күніне арналған онкүндік өткізілді, іс-шара барысында колледж оқушылары белсенділік танытып: газеттер шығарды, «Біз бейбітшілікті қалаймыз» тақырыбында шығарма жазып, бейбітшілік қорына ақша жинады, «Невада-Семей» антиядролық қозғалысы тақырыбында бейбітшілік сабағы өткізілді, таныстырулар дайындалып, сынып сағаттары өткізілді. Онкүндікті линейкамен аяқтап, онда іс-шараға үздік қатысқан қатысушыларды грамотамен марапаттадық.

 

Жаңалық қосты admin1, 26-09-2016, 11:38, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1148

22 және 24 қыркүйек аралығында Жастар бастамасын дамыту орталығымен танысу, оқушыларды әр түрлі клубтарға, жобаларға, бағдарламаларға тарту мақсатында оқуға жаңадан қабылданған 1 курс оқушыларына экскурсия ұйымдастырылды. Оқушылар жас отбасына «Тұрғын үйді жалға беру» мемлекеттік бағдарламасымен танысты. Сонымен қатар олар ЖҚКО-ның жұмысқа орналастыру, кәсіпкерлік қызметке тарту, тегін психологиялық, заңнамалық көмек алу мәселелері бойынша көмек көрсететіндігін білді.

Кейбір оқушылар клубтарға қызығушылық танытып, жазылуға өтініш білдіріп жатты. 

 

Жаңалық қосты admin1, 20-09-2016, 11:48, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1237

Тәуелсіздіктің 25 – жылдығын мерекелеу мен Жалпыға ортақ еңбек қоғамының идеясын дамыту аясында 2, 3 және 4 курстар оқушыларымен және «KSP Steel» ПФ ЖШС зауытының өкілі Н.Ф. Загрутдиновамен, кәсіптік оқыту бөлімінің басшысы И.П. Павловпен, ЭСПЦ-2 шарпрокат станының басшысы Б.К. Мажитовпен, Техникалық бақылау басқармасының шағымдармен жұмыс жөніндегі бюро басшысымен кездесу өткіздік. Алғы сөзбен директордың ОӨЖ жөніндегі орынбасары С.С. Иманқұлова сөз сөйледі. Кездесу барысында колледж бен кәсіпорынның бірлескен іс-әрекеті туралы мәселелер талқыланды, кәсіпорынның шығаратын өнімі туралы фильм көрсетілді, өндірістік іс-тәжірибеден өту мен дуальдық оқыту туралы мәселелер қозғалды.

 

Жаңалық қосты admin1, 19-09-2016, 11:54, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1474

Колледжде қыркүйек айының төртінші аптасында өздерінің жүрек жылуын колледж оқушыларына арнап, құрметті еңбек демалысына шыққан еңбек ардагерлерімен кездесу өткізу дәстүрге айналды. Бұл күні оларға колледж бойынша экскурсия ұйымдастырып, музыкалық құттықтаулар мен сыйлықтар табысталды, дастархан жайылды. Құрметті ардагерлер өткен күндерді еске алысып, колледжде болып жатқан өзгерістерге қуанды, ән айтып би билеп жақсы көңіл күймен үйлеріне тарасты. Олар өз кезегінде колледж әкімшілігіне, ұжымға өздерін ұмытпай үнемі осындай кездесулер өткізіп отыратындығына алғыстарын айтты.

Жаңалық қосты admin1, 12-09-2016, 11:05, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1660

Денсаулық – әр адамның толық әрі бақытты өмір сүруінің негізгі кепілі. Ол жоспарланған мақсаттарға, негізгі өміршеңдік міндеттерге қол жеткізуге, әр түрлі қиындықтарды жеңуге көмектеседі. Жақсы денсаулық адамның ұзақ әрі белсенді өмір сүруіне жағдай жасайды.

Әр адам әсіресе жасы ұлғайған сайын өз денсаулығының қадірін түсіне бастайды. Сондықтан салауатты өмір салтын қалыптастыру бала кезден басталуы керек. Салауатты өмір салтын үгіттей отырып, біз колледжде өте көп іс-шаралар өткіземіз. Оның біреуі дәстүрлі түрде өткізілетін Денсаулық күні, бұл іс-шара 2016ж. 9 қыркүйекте Усолка мөлтек ауданында орналасқан «Ертіс» спорттық базасында өткізілді. Оқушылар футбол ойнады, кір тасын көтеріп, қанат тартысты. «Көңілді старт» сайысы өте қызықты әрі тартымды өтті. Ауа райының қолайсыздығы біздің спортшылрымызға бөгет бола алмады. Оқушылар арасында үздік деп танылғандар грамоталармен марапатталды.

 

Жаңалық қосты admin1, 2-09-2016, 11:01, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1334

1 қыркүйек – білім және бірінші қоңырау күні. Бұл күн біздің машина жасау колледжінің табалдырығын бірінші рет аттағалы отырған оқушылардың көптен күткен күні. Осы күні мәжіліс залы мен аудиториялар жанданып, бірінші курс оқушылары мен олардың ата-аналары бірінші қоңырауды – Білім сабағын тағатсыздана күтті. Білім сабағы мәжіліс залында Қазақстан Ата-заңының 21-жылдығына, ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Мәңгілік ел» ұлтжандылың актісінің аясында «Мен – өз елімнің патриотымын» акциясы түрінде өтті. Іс-шараға ата-аналар мен колледждің педагогтары қатысты.