"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 25-11-2015, 10:56, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 2709

Қараша айында колледж оқушыларына психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету, олардың өмірлік кеңістіктерін жаңа қосымша ойлармен, сезімдік бояулармен кеңейту мақсатында мәдени маңызы бар «Жағымды көңіл-күй апталығы» өткізілді.

 

Колледжде нақыл сөздер ілініп, холл мен қабаттарда акция мен іс-шаралар туралы ақпараттар ілінді, педагогтарға, ата-аналар мен оқушыларға арналған стендтар дайындалды. Ақпарат күнделікті ауыстырылып отырды.

 

Жұмыстың бір түрі: «Көңіл-күй кемпірқосағы», «колледждің психологиялық портреті», «Тілек шарбағы» атты психологиялық акция мен туған күн иелерін құттықтау, көңілді үзіліс болды. Акцияның маңызды ерекшелігі оның жүктеп қоюшылық еместігі мен әдеттен өзгешелігінде. Акция колледжде белгілі бір көңіл-күйді және басым әсерлі күйді қалыптастырды: колледж бір тұтастыққа айналып, ондағы адамдар – жақын әрі қызықты сұхбаттасушыға айналды.