"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 5-11-2015, 19:38, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1714

     Тәрбие жұмысының ажырамас бөлігі қазақстандық ұлтжандылықты қалыптастыру болып табылады. Белсенді азаматтық ұстаным мен мемлекеттік рәміздерге деген құрметке, қазақ халқының тарихи мұрасына тәрбиелеу мақсатында 2015 жылдың 1-8 қазан аралығында 1-ші курс оқушыларының арасында ҚР рәміздері туралы білімдерін тексеруге арналған сауалнама жүргізілді. 21-ші қазанда ҚР Әнұранын білу мен оны орындау байқауын өткіздік, қатысушылар мерекелік формада келіп, өздерінің ұйымшылдығын және осы шараның маңыздылығын көрсетті. Байқаудың нәтижесі бойынша 1-ші орынға ЛПТ 15-9-1, 2-ші орынға ТМ 15-9-1, 3-ші орынға ТМ 15-11-1 топтары, алғыс хатқа ЛП 15-11-1 тобы ие болды. 27.11.2015ж. «Тарих доңғалағы» байқауы өткізілді, байқау екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде 9 сынып негізіндегі 1-ші курс оқушылары ҚР рәміздері бойынша теориялық білім сайысына түсті, мұнда ТМ 15-9-1 тобы жақсы нәтиже көрсетті, екінші күні ЛП 15-11-1 тобы жақсы нәтижемен аяқтады. Білім сайысы қараша айында жалғасатын болады.

 

2015 жылы 27 қазанда «Тарих доңғалағы» байқауы өткізілді, байқау екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде 9 сынып негізіндегі 1-ші курс оқушылары ҚР рәміздері бойынша теориялық білім сайысына түсті, мұнда ТМ 15-9-1 тобы жақсы нәтиже көрсетті, екінші күні ЛП 15-11-1 тобы жақсы нәтижемен аяқтады. Білім сайысы қараша айында жалғасатын болады.

 

2015 жылы 30 қазанда ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларына арналған көркемсөз оқу шеберлерінің арасындағы «Сұлтанмахмұттың қоңыр күзі» атты қалалық байқауға ЛП 15-11-1 тобының студенті Тұрсынғалиева Жаннұр қатысып алғыс хатпен марапатталды.

                      

2015 жыл 30 қазанда Павлодар қаласында 2-ші лигадағы колледждер арасында тоғызқұмалақтан 25-ші облыстық спартакиада өтті. Бұл жарыста Павлодар машина жасау колледжінің ұлдар командасы 1-ші орынды, қыздар командасы 2 орынды иеленді. 

2015 жылы 28 қазанда «Қазақ хандығын билеушілердің рөлі» интеллектуалдық марафоны болып өтті. Сайысқа 2-ші курстың екі тобы қатысып, олар хандар туралы таныстырулар дайындады, командалар бір-біріне сұрақтар қойды, жанкүйерлермен жұмыс жүргізіліп, соңында ойын өткізілді.

 

 

2015 жылы 27 қазанда Кульшманова Ж.Т облыстық СӨС орталығының дәрігері Г.А. Жүсіпованы шақырумен антиалкогольдік акциясын дайыдап өткізді. Акцияның тақырыбы: «Алкоголь – сананың жауы!», оған 1 және 2 курстың оқушыларықатысып, акция флешмоб, таныстыру, сахналау, музыкалық нөмірлер түрінде өткізілді.

 

2015 жылы 23-ші қазанда КМҚК «Павлодар машина жасау колледжінің» жатақханасында 1-ші курс студенттерінің арасында «Күзгі бал» байқауы өтті. Іс-шара тәрбиеші Ж.Н. Какенованың басшылығымен Студенттік кеңес мүшелерімен дайындалды. Бесінші қабаттың кіре берісі шарлармен, жапырақтармен, плакаттармен безендірілді. Байқауға Әр бөлмеден бір өкілден қатысты, атап айтқанда Сейтқалиева Айнаш, Қарағаева Нұргүл, Валл Зоя, Долматова Любовь, Амангелдиева Феруза. Әр қатысушыны жігіттер ортаға алып шығып, олармен күзгі вальс биін биледі. Байқау бірнеше тапсырмалардан тұрды: өлеңмен немесе прозайкалық түрде өзі туралы айту және салатқа әдемілеп алмалар кесу, көздерін байлап картошка жинау, өздерінің серіктеріне барынша көп жапырақтар жабыстыру. Іс-шара көңілді әрі қызықты өтті, барлық қатысушылар тұрмыста қажетті шағын сыйлықтар алды.

 

2015 жыл 23 қазанда Павлодар қаласында 2-ші лигадағы колледждер арасында үстел теннисінен 25-ші облыстық спартакиада өтті.

Бұл жарыста Павлодар машина жасау колледжінің ұлдар командасы 3-шы орынды, қыздар командасы 8 орынды иеленді.

2015 жылы 20 қазанда облыстық СӨС-ті қалыптастыру орталығының дәрігері Жүсіпова Г.А. «Дені сау отбасы – дені сау ұрпақ» тақырыбында «Денсаулық мектебі» семинарын өткізді. Семинарға 1-ші курстың ЛПТ 15-9-1 және ТМ 15-9-1 топтары қатысты. 23 қазанда ол «Темекі шегудің, нашақорлықтың және ішімдік ішудің алдын алу» таныстыруымен жалпы колледждік ата-аналар жиналысында сөз сөйледі

 

2015 жылы 13 қазанда «Жемқорлық. Жемқорлықпен күрес» тақырыбындағы дәріспен Павлодар облысы бойынша жемқорлыққа қарсы мемлекет қызметінің істері жөніндегі департаменттің бас маманы Жақаев Талғат Ерланұлы мен «Жас Отан» ЖҚ қалалық филиалының жетекшісі Манабаева Айгерім сөз сөйледі. кездесудің мақсаты құқықтық сауаттылықты қалыптастыру, жемқорлықтан бас тарту. Жиналысқа жаңа жиынның 92 оқушысы қатысты.

 

2015 жыл 2 қазанда Павлодар қаласында 2-ші лигадағы колледждер арасында жеңіл атлетикалық алыс қашықтыққа жүгіруден 25-ші облыстық спартакиада өтті.

Бұл жарыста Павлодар машина жасау колледжінің ұлдар командасы 3-шы орынды иеленді