"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 23-12-2013, 12:17, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1454

Әдістемелік семинар

2013 жылдың 19 желтоқсан күні колледжде «Оқу-өндірістік және кәсіби білім беруді жаңартудың өзекті мәселері» атты тақырыпта әдістемелік семинар өтті, жоғарыда айтылған тақырып бойынша  колледж оқушылары    курстан  өтті.   Оқытушыларға  қазақ тілі және әдебиет оқытушысы Мубаракова Н.Ж. «Бенджамин Блум таксономиясының  білім беру мақсаттары» , тарих пәнінің оқытушысы Шушпаева Б.Ш. «Орта білім беру  пәндер сабақтарында компетенция дамытуға бағытталған  тапсырмалары », ағылшын тілінің оқытушысы Хамитова А.С. «Сын тұрғысынан оқушыларды жазу және оқу арқылы оқыту»  атты баяндамалар ұсынды.Баяндамашылар сонымен бірге  оқытушыларға практиқалық тапсырмаларды  ұсынды, таксономия бойынша сұрақтар дайындау, компетенция дамытуға арналган сапасы жөғары сұрақтар дайындау, және сабақта қолдануға болатын  «Тапсырма сұрақтары», «Сәйкестіктер» әдістер ұсынылды. 

Жаңалық қосты admin1, 23-12-2013, 10:22, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1683

Жиырма бесінші ақпанда психолог Л.А. Хаировамен «Есірткі – өмірдің соңы» атты сынып сағаты өткізілді. Оқушылар «Есірткілер туралы біздің шындығымыз» және «Жертөлелер» бейнероликтерін көріп оны талқылады. Студенттер топтармен жұмыс істеп, «Есірткі – аңыз бен шындық» пікірталасына белсенді түрде қатысы. Шара соңында оқушылар нақылдарды талқылады.

 

 

19.03.2014 ж. психолог Л.А. Хаировамен 2-ші курс оқушыларына «Табыстың құпиялары» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. «Мен балалық шақтанмын», «Табыс формуласы» жаттығулары өткізілді. Оқушылар топтармен жұмыс істеп, табыс түсінігінің негізін құрастырды, кестеге табысты адамды және оның табысқа жету әрекеттерін жазды.

 

 

         2014ж. жиырма жетінші ақпанда Л.А. Хаировамен 3-ші курстың оқушыларына арналған «Адам өміріндегі ерік-жігер мінез-құлқының сапалық рөлі» психологиялық сынып сағаты өткізілді. Психологпен «Белгілі сылтаулар» жаттығуларын өткізілді. Оқушылар Николай Заболоцкийдің «Не позволяй душе лениться» өлеңін жатқа оқып, сұрақтарға жауап берді. Психолог тестілеу жүргізіп, оқушылар өздерінің ерік-жігерінің даму деңгейін бағалады.

 

 

       2014ж. төртінші ақпанында психолог Л.А. Хаирова 2-ші курс студенттеріне «Нақтылы және виртуалды өмір» атты сынып сағатын өткізді. Оқушылар сынып сағатының бойына белсенді жұмыс істеп, сұрақтарға жауап берді, карточкалармен жұмыс істеді әрі қызықты хабарлар дайындады. ЛП 12-9-1 тобының студенттері Маканова Дидар мен Исатаева Саида «Компьютердің адамға әсері» және «Компьютер жау ма? әлде көмекші ме?» атты таныстырулар дайындады. Психолог интернеттік желіде өз уақыттарының көбін өткізетін оқушыларға кеңестер берді.