"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 20-12-2013, 11:26, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1254

          23.11.2013  «Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері бойынша басқармасы» ММ, « Павлодар облысының Қазақстан студенттер Альянсы» ЖБҰ студент жастарының арасында облыстық «ACTIVEGENERATION-2013» арнайы жобалар байқауын өткізді. Біздің ТМ 10-9-1 тобының студенттері Филиппов Владимир, Соколы Евгений, СТР-12-11-2 тобының студенті Лекеров Ерболат іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша байқау жеңімпаздары болды.

         В. Филиппов пен Е. Соколы  «Ауаны тазалаудың тиімді әдістері» жобасымен 1-ші орын алды. Жобаның жетекшісі Ж.Т. Кульшманова, Смекенова К.К.

Жаңалық қосты admin1, 20-12-2013, 11:26, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1538

24.01.2014 облыстық СӨС орталығында біздің колледждің оқушыларына арналған семинар болып өтті. Семинарға СӨС үйірмесінің жетекшісі Ж.Т. Күлшманованың басшылығымен ТМ 13-9-1 тобының 23 оқушысы қатысты.

Семинар жоспары.

1. Неке және отбасы дегеніміз не. СӨС орталығының маманы сөз сөйлеп, слайдтар, бейнероликтер көрсетті, оқушылармен әңгімелесті.

2. Репродуктивті денсаулық мәселелері. Дәрігер-гинеколог сөз сөйлеп, репродуктивті денсаулықты сақтау туралы алдын алу әңгімесін жүргізді.

 

3. Жыныс жолдары арқылы берілетін жұқпалы аурулардың алдын алу. ЖИТС ОО маманы сөз сөйледі. Ол ЖЖАБА-ның берілу жолдары мен олардың алдын алу туралы айтып, тренинг-ойынын өткізді.

 

5.02.2014 колледждің мәжіліс залында 1-ші курстың оқушыларына «Респираторлық вирусты жұқпалы аурулар» тақырыбы бойынша ақпарат берілді.

 

Дубровская Таня (ТМ 13-9-1т.) және Саворовская Алена (ТМ 13-9-2т.) аса жұқпалы аурулар, олардың белгілері, симптомдары , емделу мен алдын алу шаралары туралы айтты. Слайдтар көрсетіліп, тұмау эпидемиясының кезіндегі тазалық пен тамақтану мәселелеріне айрықша назар аударды.

 

5.10.2013ж«Дұрыс тамақтан, жеңіл өмір сүр!» ұранымен облыстық «СӨС» орталығымен бірлесіп өткізілген республикалық акция аясында машина жасау колледжінің «Дәрумендер» командасы «Дұрыс тамақтану – сұлулық пен жастық үлгісі» облыстық байқауына қатыстыБіздің команда табысты өнер көрсетіп, жалпы балдық есеп бойынша 2-ші орын алды. Байқауға қатысушылар бағалы жүлделермен марапатталды. Колледжде ЖИТС-тің алдын алу бойынша айлық өткізілді. Бір ай бойы төмендегідей іс-шаралар өткізілді:

1. «ЖИТС мәселелері бойынша ақпараттылық деңгейі» 1-ші курстың оқушыларына сауалнама жүргізу. 

Нәтижелер көрсеткендей оқушылар осы мәселе бойынша өте жақсы ақпарат алғандықтарын көрсетті. Барлығы да ЖИТС-тің барлық кезеңдерін, оның таралу жолдарын, аурудың белгілерін біледі әрі оның алдын алу мәселелерінен хабардар. ЖИТС жұқпалы ауруымен байланысты: психологиялық, экономикалық, әлеуметтік, білім беру мәселелерін түсіндіре алады. Осы ауруға байланысты тәуекел дәрежесінен, ЖИТС-пен ауыратын адамдарға тиісті дәрежеде көмек қолын созу және дұрыс қарым-қатынас орнату туралы хабардар.

2. 27.11.2013 мәжіліс залында ЖИТС-тің алдын алу мәселелері бойынша акция өткізілді. Тақырыбы: «ЖИТС туралы не білесіз?». СӨС үйірмесінің оқушылары таныстырулар дайындап, қойылған сұрақтарға жауап берді және акцияға қатысушыларға бүктемелер таратты.

3. 28.11.2013. ЖИТС ОО-ның өкілі Ж.Ж. Ажмұратовамен кездесу болды. ЖИТС орталығының маманы ЛП 13-9-1 тобының оқушыларымен «ЖИТС-тің алдын алу және кемсіту мәселелері» тақырыбы бойынша тренинг өткізді. Кездесу қызықты әрі жан-жақты болды.

4. 29.11.2013. «Болашақ» орталығының өкілдерімен кездесу өткізілді. Олар 1-ші курс оқушыларымен семинар-тренинг өткізді.

5. Ай бойы: әңгімелесулер, конференциялар, дөңгелек үстелдер, тренингтер, пікірталастар түрінде топтарда сынып сағаттары өткізілді. Осы іс-шаралардың барлығында да ЖИТС бойынша әр түрлі аспектілер талқыланды.

6.  Біздің оқушылар «ЖИТС туралы аңыз бен шындық» тақырыбында қызқаша шығармалар жазу байқауына қатысты.

7. Әр сәрсенбі сайын мәжіліс залында 1-ші курс оқушыларына ЖИТС-тің алдын алу бойынша бейне роликтер көрсетіледі.

8. №502-ші кабинетте «ЖИТС-тің алдын алу» стенді дайындалған