"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Оқу-әдістемелік жұмыс Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары
Жаңалық қосты admin1, 5-03-2024, 17:00, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 28

2024 жылдың 5 наурызында білім беру басқармасының жанынан құрылған мобильді топ Павлодар облысының ТжКБ педагогтеріне «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары» жобасы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында педагогтің үздіксіз кәсіби даму факторы, білім алушылардың жетістіктері арқылы объективті бағалау жүйесі, өздігінен білім алу және мансаптық өсуді ынталандыру, сондай-ақ әлеуметтік әділеттілік пен академиялық адалдық мәселелері талқыланды.

Педагогтерге аттестаттаудың негізгі философиясы, өтпелі кезеңнің ерекшеліктері, ТжКБ педагогін бағалау критерийлері түсіндірілді, сондай-ақ «Ұстаз» электрондық платформа жобасы таныстырылды.

Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары

Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары

Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары

dle
Другие новости по теме:
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии к новости: Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары