|
| | РУС |
|
«Торайғыров университеті» КЕАҚ мен «Павлодар машина жасау колледжі» ШЖҚ КМК арасындағы бірлескен қызмет туралы меморандумды іске асыру шеңберінде 2024 жылғы 17 қаңтарда университеттің профессор-оқытушылар құрамымен және колледждің арнайы пәндер оқытушыларымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында академиялық мәселелер жөніндегі Басқарма мүшесі-проректор Петр Олегович Быков және «Машина жасау және стандарттау», «Металлургия», «Көлік техникасы және логистика» кафедраларының меңгерушілері қатысушылардың назарын «Сапалы білім «Білімді ұлт» ұлттық жобасын іске асыруға аударды, оның негізгі мақсаты білім алушылардың білім сапасын арттыру, колледж білім алушыларына қолдау көрсету болып табылады сондай-ақ колледж қызметкерлері мен білім алушыларын металлургия, металл өңдеу және техника саласындағы ғылыми-инновациялық қызметке тарту.
Другие новости по теме:
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии к новости: Торайғыров университеті
|