|
Жаңалық қосты admin1, 1-12-2023, 14:10, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 117
|
|

2023 жылғы 23 қарашада колледжде педагогтерді аттестаттау қағидаларына
енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша түсіндіру жұмыстары
мақсатында педагогтердің кезектен тыс кеңесі өткізілді.Колледж педагогтарына басшысының ОЖ жөніндегі орынбасары Ш. К. Умарова мен әдіскер Ж. Т. Жанкаринова педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық платформасында аттестаттау рәсімін өткізу алгоритмін
ұсынды, сондай-ақ тест сұрақтарының мазмұны бойынша сұрақтар жарияланды және педагог-зерттеушілер мен педагог-шеберлердің
педагогикалық тәжірибесін тарату тәртібі түсіндірілді. Зейнеткерлік жасқа дейін 5 жыл қалған педагогтер үшін, егер олар аттестаттау мерзіміне сәйкес педагогикалық қызметті жалғастырғысы келмесе, аттестаттау рәсімінен
босату көзделген. Ұсынысты атап өткеніміздей, ЖЖҚ тапсырудан босатылады:
1) Өндірістік оқыту шеберлері және арнайы пәндер бойынша оқытушылар,
2) педагогтар:
- бұрын берілген біліктілік санатын растау;
- «педагог – зерттеуші», «педагог-шебер» біліктілік санатын беру;
- 30 (отыз) және одан да көп жыл педагогикалық өтілі бар;
3) басшылар:
- бұрын берілген біліктілік санатын растау;
- «көшбасшы-басшы», «бірінші біліктілік санатты әдіскері» біліктілік санатын беру. Келесі аттестаттау кезеңінде 7 адам санатқа өтініш беруді жоспарлап отыр.
dle
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам
зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии к новости: Внеочередное совещание